Федоров ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Федоров ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

 

      Есептік кезең ішінде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі  8481,3 млн. теңгені құрады, оның ішінде трансферттер  4117,5 млн. теңге.

1, 2 және 3 санаттағы кірістер  3743,6  млн. теңге жоспар бойынша,  4219,0 млн. теңге сомасына немесе 112,7 % атқарылды, жоспардан тыс  475,4 млн. теңге түсті.

Есептік кезең ішінде бюджеттің шығыс бөлігі  9714,3 млн. теңге жоспар бойынша, 9713,5 млн. теңгеге немесе 100 % атқарылды.

2025 жылға өнеркәсіп өнімдерінің НКИ  115,1 %  құрайды.  

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі  4517,0 млн. теңгені құрайды, бұл      2024 жыл деңгейінен 337,5 млн. теңгеге жоғары. Ауданның облыс өнеркәсіптік өнімі көлеміндегі үлес салмағы  0, 1 %  құрайды.

Есептік кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты көлем индексі 119,7 %  құрайды.  

Барлық санаттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 78184,9 млн. теңгені құрайды, бұл 2024 жылғы деңгейден               21412,4 млн. теңгеге артық. Оның ішінде:

Мал мен құстың барлық түрлері бойынша ет (тірі салмақта)  2808  тонна немесе 2024 жылдың  деңгейіне 99,2 %, сүт  34692,9  тонна немесе 108,4 %, жұмыртқа 2199,3 мың дана немесе 92,5  %  өндірілді.

      2026 жылғы 1  ақаңтардағы жағдай бойынша ІҚМ саны 890 басқа көбейді және 24,4 мың басты немесе 2024 жыл деңгейіне 103,8 %, оның ішінде сиыр басы 1140 басқа көбейді және 2024 жыл деңгейіне 110,6 % құрайды. Жылқы басы 1,2 % көбейді және 4,9 мың басты құрайды, шошқа басы 374  басқа немесе 6,3 %  азайды  және 5,6 мың басты құрайды.

     2025 жылғы көтерме тауар айналымының көлемі 13184,0 млн. теңгені құрайды, бұл 2024 жылдан 8907,1  млн. теңгеге көбірек. НКИ 295,6  %  құрайды.

    2025 жылғы бөлшектік тауар айналымының қөлемі  5862,8 млн. теңгені құрайды, бұл 2024 жылдан  494,8 млн. теңгеге көбірек. НКИ 100,3 %  құрайды.

     Экономикалық өсуді айқындайтын түйінді нысаналы индикаторлардың бірі инвестициялар тарту болып табылады    

     Негізгі  капиталға түсетін инвестициялардың нақты көлем индексі              81,9 %  құрайды. 

     Облыстың жалпы көлеміндегі аудан инвестицияларының үлесі 1,6 % құрайды. Ауданға 12915,0  млн. теңге капиталды құрайтын инвестиция салынды, бұл  2024 жылдан  2248,0  млн. теңгеге көбірек (2024 жылы - 15163,0  млн.теңге). Республикалық бюджет есебінен 1567,0 млн.теңге, жергілікті бюджет есебінен  3955,0 млн.теңге салынды, кәсіпорындар қаражаты есебінен 4534,0  млн. теңге, банктің кредиттері және басқа да қарыз қаражаты есебінен 2859,0 млн. теңге салынды.

      Құрылыс кешені қызметінің негізгі көрсеткіші – тұрғын үйді пайдалануға беру.

      2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру 5114,0  шаршы метрді құрады, бұл 2024 жылғы деңгейден 664,0 шаршы метрге көбірек. НКИ 114,9 % құрады.

     2025 жылы құрылыс жұмыстары 9532,0 млн. теңгеге орындалды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 2434,0 млн. теңгеге артық. НКИ 131,0 % құрады.

    Өмір деңгейі. Статистикалық деректер бойынша 2025 жылғы                            қаңтар-қыркүйектегі орташа айлық жалақы 287 490 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35 833 теңгеге немесе 14,2 % артық.

 

 

«Федоров ауданының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                               С. Завощенко

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Федоров ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Дата публикации
22 апреля 2026