"Федоров ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Тапсырмалар:
1) Облыс аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) басқарудың ресми Интернет-ресурсының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3)көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.
Функциялар:
1) құрылыс, сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
2) облыстың қалалары мен аудандарының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне құрылыс, сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша ұйымдастырушылық, әдістемелік және өзге де көмек көрсету;
3) қала құрылысы құжаттамасын, облыстың қалалары мен басқа да елді мекендерінің бас жоспарларын әзірлеу келісу және түзету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
4) облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларының аумақтарын қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (облысты немесе оның бір бөлігін аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
5) Қостанай облысы елді мекендерінің бас жоспарларын әзірлеуге және түзетуге бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік өтінімдер жасау үшін материалдар дайындау, халықтың есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың Бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;
6) халықтың есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
7) облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын келісу;
8) Қостанай облысының елді мекендерін жоспарлау және салу мәселелерін жүргізу;
9) облыстың қала құрылысы құжаттамасының мониторингін жүргізу;
10) бекітілген қала құрылысы құжаттамасына, облыстың қалалары мен басқа да елді мекендерінің бас жоспарларына сәйкес аумақтың жоспарланып отырған құрылысы не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халықты хабардар ету үшін ақпарат дайындау, паспорттар әзірлеу;
11) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарымен, жобалау ұйымдарымен, мемлекеттік сараптамамен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
12) өз құзыреті шегінде сәулет және қала құрылысы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге, нормативтік-техникалық құжаттарға ұсыныстар мен ескертулер беруге;
13) тиісті органдарға өз құзыретіндегі мәселелер бойынша есептерді, ақпараттарды уақтылы дайындау, ұсыну;
14) әкімдік қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ құқықтық сипаттағы басқарманың құжаттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
15) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінің дерекқорын жүргізуді және толтыруды ұйымдастыруды бақылау;
16) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінің деректерін өзектендіру бойынша талдау жүргізуді бақылау;
17) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпараттың және (немесе) мәліметтердің берілуін бақылау;
18) Интернет желісіндегі басқару сайтының тұтастығы мен жұмысқа қабілеттілігін бақылауды жүзеге асыру;
19) ақпараттық технологияларды қолдану бойынша тиімділікті бағалау әдістемесіне сәйкес Басқарманың ресми Интернет-ресурсында (бұдан әрі - сайт) ақпараттың толықтығын, сапасын және уақтылы орналастырылуын қамтамасыз етуді бақылау;
20) басқару сайтын дамыту, сайттың жаңа айдарларын, модульдері мен сервистерін құру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
21) Қостанай облысы Мемлекеттік органдары басшыларының ресми блог-платформасында орналастырылған басқарма басшысының блог модераторы функцияларының жүзеге асырылуын бақылау;
22) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
23) ведомстволық көрсеткіштер тізбесін жасау және одан әрі өзектендіру, сондай-ақ осы жүйеге енгізу үшін есепті нысандарды уақтылы ұсыну бөлігінде "басшының панелі" ақпараттық жүйесін енгізу және жүргізу жөніндегі жұмысты бақылау;
24) ақпаратты ашық үкіметтің басқа порталдарында орналастыруға жәрдемдесуді уақтылы орналастыруды қамтамасыз етуді бақылау;
25) басқарманың, оның ішінде азаматтардың өтініштері бойынша, "ҚБП" (қызметтік пайдалану үшін) белгісімен құжат айналымының жүргізілуін бақылау, сондай-ақ кіріс және шығыс құжаттаманы есепке алу;
26) басқарма басшысының және басшысының орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының жүргізілуін және есепке алынуын бақылау;
27) Жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың, облыс әкімінің, оның орынбасарларының, басқарма басшысының және басшысының орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау, жоғарыда көрсетілген құжаттардың орындалуы бойынша есептілік беру, атқарылған құжаттарды бақылаудан алу;
28) Басқарма істерінің номенклатурасының жасалуын бақылау, басқарма басшысына бекітуге ұсыну, Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатымен келісу;
29) басқарманың құжат айналымын жүргізуге, кіріс және шығыс құжаттаманы есепке алуға бақылауды жүзеге асыру;
30) электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (ЭҚАБЖ) және мемлекеттік органдардың Интранет-порталын (ИПГО) пайдалануға бақылауды жүзеге асыру;
31) Басқарманың құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз етуді бақылау;
32) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуді бақылау;
33) көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарау;
34) облыстың қалалары мен аудандарының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне бөлім қызметінің мәселелері бойынша ұйымдастырушылық, әдістемелік және өзге де көмек көрсету;
35) тиісті органдарға өз құзыретіндегі мәселелер бойынша есептерді, ақпараттарды уақтылы дайындау, ұсыну;
36) Басқарманың жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысу;
37) қолданыстағы заңнаманы, нормалар мен қағидаларды негіздей отырып, өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
38) Жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың, басқарма басшысының актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
Ақпарат
29 апреля 2026
«Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің 2025 жылғы 12 айдағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі 1. Жалпы ережелер. 1) Көрсетілетін қызметті ұсынушы туралы мәліметтер 1. «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша – сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің ведомстволары жоқ, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады, Федоров ауданының әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. 3. Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің құрылтайшысы Федоров ауданының әкімдігі болып табылады. 4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар. 5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. 6. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Федоров ауданы әкімдігінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. 7. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 9. Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайы: 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Красноармейская көшесі, 53 үй. 10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі. 11. Ереже сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады. 12. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің қызметін қаржыландыру Федоров ауданының бюджетінен жүзеге асырылады. 13. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік қызметтер саны 5 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 1 «E-gov электрондық үкімет порталы» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 4 количество государственных услуг, оказываемых на бесплатной и (или) платной основе 5 – тегін қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 4- электрондық 1- қағаз 3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: 2025 жылдың 12 айында Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру – 6266 анықтама қызметі аса сұранысқа ие болды. 2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс 1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен қол жеткізу орындары туралы мәліметтер: Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне, Федоров ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтер тізбесіне, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сілтемелері орналастырылған, Федоров ауданының мемлекеттік қызмет беруші органдарының байланыс телефондары, олар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болады. Бөлімде нормативтік құқықтық актілермен, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдармен стендтер ресімделді, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге жауапты лауазымды тұлғалар анықталды. 2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын қоғамдық талқылауды жүргізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді. 3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т. б.) 2025 жыл ішінде бөлімде Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге қатысты 2 семинар сабағы өткізілді. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет. 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсету сапасына оң әсер етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімі жеңілдетіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде мерзімдер мен әкімшілік кедергілер қысқартылады. 2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында құқықтық жалпыға бірдей оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, онда өзекті тақырыптар қаралады, мамандар халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесімен жұмыс жөніндегі семинарларға қатысады. Федоров ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Қостанай облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың өңірлік орталығы» КМҚК-мен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жоспары-кестесінің негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау. 1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар бөлімге келіп түскен жоқ және қаралмады. 2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері. Федоров ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі бекіткен 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес бөлімде 2 ішкі бақылау іс-шарасы жоспарланып, өткізілді. Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталды, оларды жою үшін ұсыныстар берілді. 3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2025 жылы тексеру жүргізген жоқ. 4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторингінің нәтижелері. Мемлекеттік органда мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг-Федоров аудандарының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі-1 рет жүргізілді. 5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және Мемлекеттік корпорацияға ауыстыру болып табылады. Жалпы, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік корпорация және «электрондық үкімет порталы» арқылы, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы рұқсат құжаттарын беру бойынша көрсетілген қызметтер санын ұлғайту бойынша оң үрдіс байқалады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толығымен бағдарлана отырып жалғастырылатын болады.