- «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар:
1) Федоров ауданы әкімдігінің «Теплоцентр» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
2) Федоров ауданы әкімдігінің «Водстрой» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
3) Федоров ауданы әкімдігінің «Жаркөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
- «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесіндегі ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, өз атауы қазақша және орысша жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылықтың органдарында есеп шоты бар.
- «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық тарап ретінде мемлекет атынан шығуға құқықты.
- «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111900, Қазақстан Республикасы Қостанай облысы, Федоров ауылы, Набережная көшесі, 9.
- Осы Ереже «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
«Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметін жүзеге асыру құқығы берілсе, Қазақстан Республикасының заңнамасымен басқа қарастырылмаса, түскен кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.