
Бөліммен барлығы 16 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Барлық қызметтер
ақысыз негізде ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) ЖАО-жұмыспен қамту бөлімі;
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы-проактивті қызмет;
4) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz.
Мемлекеттік қызметтер:
1.Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту
а) Еңбекші көшіп-қонушыларға рұқсатты беру
б) Еңбекщі көшіп-қонушыларға рұқсатты ұзарту
2. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге
құжаттарды ресімдеу
а) Стационарлық жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге
құжаттар ресімдеу
б) Жартылай стационарлық жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсетуге құжаттар ресімдеу
в) Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге
құжаттар ресімдеу
3. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
4. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау
5. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы
төлеу, куәліктер беру
6. Ре адамға куәлік беру
7. Мүгедек адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге
құжаттарды ресімдеу
8. Мүгедектігі бар адамдарды техникалық-көмекші (компенсаторлық)
құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
9. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдардың жеке көмекшісінің
қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
10. Мүгедектігі бар адамдарды есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі
маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – жылына
алпыс сағат
11. Мүгедектігі бар адамдарды арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз
етуге құжаттарды ресімдеу
12. Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-
курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
13. Тұрғын үй көмегін тағайындау
14. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған
адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу
15. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған
адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды,
әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке
қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін
иеліктен шығаруға рұқсат беру
16. Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп
танылған кәмелетке толған адамның мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру