Воронеж ауылдық округінің әкімі Н. Жұпар "Таза Қазақстан" акциясы аясында округ тұрғындарымен кездесті. Елдің барлық өңірлерін қамтитын "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде ауылдық жерлерде экологиялық мәдениетті арттыруға және халықты туған өлкені абаттандыру мен көгалдандыру процесіне тартуға бағытталған түсіндіру іс-шаралары белсенді жүргізілуде. Бұл іс – шаралардың негізгі мақсаты-ауылдың әрбір тұрғынына қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың, табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың және болашақ ұрпаққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастырудың маңыздылығын жеткізу. Кездесулер, семинарлар мен тренингтер барысында экологиялық сарапшылар ластанудың адам денсаулығына әсері туралы, сондай-ақ қоршаған ортаны жақсарту үшін кез келген адам қабылдай алатын қарапайым, бірақ тиімді шаралар туралы айтады.