2026 – 2028 жылдарға арналған
Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің
бекітілген азаматтық бюджеті
Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті Вишневый ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.
Бұл құжат «бюджетті жоспарлау» бөлімін, «әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.
Ауылдық округ бюджеті-бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.