Меню

Страницы

Статья

Абаттандыру ережелері туралы

Қостанай облысында полицейлер қоғамдық орындардың ластануы мен абаттандыру ережелерін бұзудың 16 мыңға жуық фактісін анықтады

Кінәлілер жалпы сомасы - 80,4 млн теңге көлемінде айыппұл арқалады.

Облыс Полиция департаментінің хабарлауынша, ең көп таралған бұзушылықтар саябақтардың, скверлердің және басқа да қоғамдық орындардың ластануы, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде коммуналдық қалдықтардың шығарылуы болды. Жиі кездесетін бұзушылықтардың бірі темекі тұқылын тастау. Мұндай әрекеттер үшін 10 АЕК (36 920 теңге) айыппұл қарастырылған. Жыл басынан бері осындай 3,6 мыңнан астам жағдай анықталды.

Сонымен қатар, полицейлер абаттандыру саласындағы бұзушылықтарды және рұқсат етілмеген полигондарды анықтау үшін басқа мемлекеттік органдармен белсенді жұмыс істеуде.

Мобильді топтар аймақтағы жағдайды тексеріп, тұрмыстық қатты қалдықтардың 43 полигонын тапты. Қазіргі уақытта олардың 20 – сы жойылды: Қостанайда – 5, Амангелді ауданында – 4, Жітіқарада – 2, Қамысты, Наурызым, Ұзынкөл және Федоров аудандарында – 2, Рудный ауданында-1.

Бұзушылықтардың алдын алу маңызды міндет болып қала береді. Бір жыл ішінде абаттандыру ережелерін бұзған 12 мыңға жуық дерек анықталды.

#БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ
Елді мекен аумағында рұқсат етілмейді:

- ескерткіштер, ағаштар, шағын сәулет нысандары және қоғамдық аумақтардағы басқа да нысандар сияқты сыртқы абаттандыру элементтерін зақымдау немесе өзгерту;

- хабарландыруларды, суреттерді немесе жапсырмаларды аялдамаларға, қабырғаларға, тіректерге және осы мақсатқа арналмаған басқа да объектілерге орналастыру;

- жылжымалы мүлікті жеке жер учаскелерінен тыс жерде сақтау;

- тауарларды, ыдыстарды немесе басқа заттарды тротуарларда, көгалдарда, жолдарда, сондай-ақ контейнерлік алаңдарда, соның ішінде коммуналдық қалдықтарға жатпайтын қоқыстарды (мысалы, құрылыс қоқыстары) сақтау.

Қыс басталмас бұрын полицейлер қар мен мұзды жақын маңдағы аумақтардан уақтылы тазалаудың маңыздылығын еске салады.

Сондай-ақ, елімізде экология мәселелері және қоршаған ортаның тазалығын сақтау қажеттілігі туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы жалғасып жатыр.

Дата публикации
27 ноября 2024
Дата обновления
27 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

23 апреля 2026
Ойын алаңына іргелес аумақты тазалау
26 февраля 2026
Пешков ООШ аумағын қардан тазарту
13 февраля 2026
Кравцово ауылындағы мектеп жанындағы аумақты тазарту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы