"ЭкоДвор: үздік абаттандыру" байқауы!
16 шілдеде "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында ауданның экологиялық абаттандыру аясында Федоров ауданында "ЭкоДвор: үздік абаттандыру"байқауы ұйымдастырылды. Биылғы жылы қоршаған ортаның тазалығы мен денсаулығын сақтауға ықпал ететін жайлы және экологиялық таза аула кеңістігін құруға баса назар аударылды.
Байқауға ауданның 15 ауласы қатысып, жасыл абаттандыру бойынша инновациялық идеяларды іске асырды. Қатысушылар өз аулаларын өсімдіктермен және табиғи материалдармен безендіріп, экологиялық жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетті.