2025 жылғы 12 айға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп

2025 жылғы 12 айға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп

 

1. Жалпы ережелер

1) қызмет беруші туралы мәлімет

       1. «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкімінің аппараты), Пешков ауылдық округі әкім (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көрсетілген басқа да қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      2. Әкімнің аппараты өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауларымен мөр және мөр табандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органында шоты бар.

     4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа енеді.

     5. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынас жағынан сөз сөйлеуге құқылы.

     6. Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты туралы Ереже, оның құрылымдары аудан әкімімен бекітіледі.

     7. Мемлекеттік органның толық атауы орыс тілінде - государственное учреждение «Аппарат   акима  Пешковского сельского округа Федоровского района», қазақ тілінде «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Пешков  ауылы, Ленина көшесі, 77 үй, пошта индексі 111917.

      «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі жұмыс уақытының ұзақтығы күн сайын сағат          9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, демалу және тамақтану үшін сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін (сенбі, жексенбіден басқа) үзіліспен белгіленеді.
      8. «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімімен құрылады, таратылады және қайта құрылады.
     9.  Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

       10. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының қызметі болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынасқа тұруға тыйым салынады.

2) мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны

11

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорация арқылы  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны;

13

 

 

 

 

тегін және (немесе)  ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

7 – тегін;

3– ақылы;

3–тегін/ақылы

қағаз және (немесе) электрондык нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

10– электрондык/

қағаз,

3– электрондык (толық автоматтандырылған)

 

мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны

13

 

3) ең  талап етілген қызметтер туралы ақпарат:

2025 жылғы 12 айға 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді, (2024 жылдың ұқсас кезеңінде 12 мемлекеттік қызмет).

Оның ішінде:

ММ-0; (2024 жылдың ұқсас кезеңінде 1 мемлекеттік қызмет);

Электрондық үкімет -0 порталы арқылы;

Е-лицензиялау арқылы -7; (2024 жылдың ұқсас кезеңінде 12 мемлекеттік қызмет);

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін нормативтік-құқықтық актілер «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ақпараттық стендтерінде және Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсында орналастырылған

https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-peshkov/documents/1?directions=_34967&lang=ru

     Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, ауданның мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың байланыс телефондарына олар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болады, сілтемелер орналастырылған, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 88000807777 телефондары арқылы алуға болады.

2) мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларына жария талқылаулар өткізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 15 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде: ауылдық округ тұрғындарымен жиналыс - 5, мамандармен кеңестер -10, аудандық газетте-0 мақала.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша түсіндіру шаралармен тұрғындардың қамтылуы –231 адам. 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

Әкімшілік рәсімдерді оңтайландыру және қысқарту мақсатында 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыстар жалғастырылды.  Қызмет көрсетушілердің көмегімен халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында eGov mobile қосымшасы бойынша жұмыс жалғасуда.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

Мемлекеттік қызмет көрсететін  қызметкерлердің  кәсиби біліктілігін көтеру мақсатында, құқықтық  жалпыға міндетті оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, сол сабақтарда маңызды  тақырыптар  қарастырылады, және мамандар аудандық деңгейде ішкі бақылау қызметімен өткізілетін аудан семинарларда қатысады.  

Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтар бойынша біліктілігін көтеру курстарды өткен тұлғалардың саны-1.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)   

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтар бойынша қызметалушылардан шағымдар ауылдық округі әкімінің апаратына түскен жоқ және қарастырылмаған

 2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметі  бақылау іс-шарасының нәтижелері бойынша есепті кезеңде жүргізген жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

2025 жылда мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау уәкіл органмен өткізілген жоқ.

 

4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторинг ауылдық округінің әкім аппаратында 2025 жылғы өткізілген жоқ.

 

 

 5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және электрондық форматқа көшіру болып табылады. Жалпы, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында электрондық үкімет порталы, Е-лицензиялау арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту бойынша оң үрдіс байқалады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыс толығымен мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына бағытталған.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органның нысаналы индикаторы-электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер пайызын ұлғайту, ауылдық округ тұрғындарының Smart Qostanai қосымшасын және «Onay_kyzmet» сервисін пайдалану туралы хабардар болуын қамтамасыз ету.

 

Дата публикации
27 марта 2026