«Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2024 жылғы 12 айдағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп

«Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

2024 жылғы 12 айдағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы

есеп

 

 

1. Жалпы ережелер.

 

1) Қызмет беруші туралы мәлімет

       1.  «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) Пешков ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. 

2.  Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.         

3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

5. Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

6. Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан  әкімдігі бекітеді.

7. Мемлекеттік органның орыс тіліндегі  толық атауы –государственное учреждение «Аппарат акима Пешковского сельского округа Федоровского района», қазақ тілінде «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Пешков ауылы, Ленин көшесі,77.

«Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жұмыс уақытының ұзақтығы сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін күн сайын (сенбі және жексенбіден басқа күндері), демалыс және тамақтану үшін үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін.

8. «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін аудан әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.

9. Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

10. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

2)  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

13

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны

13

Ақысыз және (немесе)  ақылы негізде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны

7 – тегін;

 

6 – ақылы;

 

 

Қағаз және (немесе) электрондык нысанда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны

10 – электрондық/

қағаз,

1 – электрондық (толық автоматтандырылған)

2 - электрондық/қағаз, белсенді

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  бекітілген стандарттары мен регламенттерінің саны

13

3) Ең  талап етілген қызметтер туралы ақпарат:

2024 жылғы 12 айда 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді – ол 2023 жылмен салыстырғанда 140%-ға артық (2023 жылдың ұқсас кезеңінде 5 мемқызмет). Оның ішінде:

мемлекеттік органда 0 (2023 жылы – 0),

 

ХҚКО арқылы – 0 (2023 жылы – 0),

 

«электрондық үкімет» порталы арқылы – 0 (2023 жылы – 0),

 

«электрондық лицензиялау» порталы арқылы – 12 немесе 100% (2023 жылы – 5 немесе 100%)

 

Ең талап етілген қызметтер - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» 11 қызмет көрсетілді немесе жалпы көресетілген қызмет көлемінің 91,7 %.

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жеткізу орындары мен көздері туралы мәліметтер:

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында және Федоров ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында орналастырылғанhttps://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-peshkov/documents/1?directions=_34967&lang=ru

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, ауданның мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі туралы ақпарат алуға болатын байланыс телефондарына, сондай-ақ ақпарат алуға болатын сілтемелер орналастырылған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығынан 1414, 8-800-080-77-77 телефондары арқылы ақпарат алуға болады.

2)  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарының  жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартарының  жобаларын жария талқылауларды өткізуі  кірмейді.

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалары)

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы қызмет алушылармен 25 жиын және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысты мемлекеттік қызмет көрсететін мамандармен 7  кеңес өткізілді, «Федоровские новости» газетінде мақала жарияланды. Іс-шараларға 2598 адам қатысты.

 

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету  процесін жетілдіру бойынша қызмет 

 

1)  мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру  нәтижелері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету барысын автоматтандыру және оңтайландыру  нәтижелері  мемлекеттік көрсетілетін қызмет  көрсету сапасына жақсы әсерін тигізеді. Әкімшілік тосқауылды оңтайландыру және қысқарту мақсатында 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетулерді электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыс жалғасты. Қызмет берушінің ұйымдастырушылық көмегімен, тұрғындардың қызметтерге қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында «eGov mobile» мобильді қосымшасының жұмысы жалғастырылуда.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету саласында қызметкерлер  біліктілігін арттыруға  бағытталған шаралар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсететін  қызметкерлердің  кәсиби біліктілігін арттыру  мақсатында өзекті тақырыптар қаралатын сабақтар өткізіледі, мамандар «электрондық үкімет» веб-порталымен жұмыс жүргізуге қатысады, аудандық семинарларға қатысады, сонымен қатар аудандық деңгейде ішкі бақылау қызметімен өткізілетін семинарларға қатысады.

2022 жылғы 14-16 мамыр аралығында бас маман Полищук Ирина Геннадьевна  Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2022 жылғы 16 наурыздағы № KST 00157 сертификаты

Әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру Жоспары-кестесінің негізінде жүргізіледі.

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасын  бақылау 

 

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері  бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Есепті кезеңде ауылдық округі әкімінің апаратына  мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері  бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен  жоқ  және қаралған жоқ.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына   ішкі тексерудің   нәтижелері

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілген жоқ.

3) Уәкілетті  органмен өткізілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бақылау нәтижелері.  

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бағалау және бақылау бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасына бақылау уәкіл органмен 2024 жылы өткізілген жоқ.

4) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі  «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өткізілген жоқ.

5.  Қызмет алушылардың мемлекеттік  қызмет көрсету сапасына  қанағаттанушылығын арттыру  және одан  әрі тиімділігінің  перспективалары.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың негізгі бағыттары оларды автоматтандыру және электрондық форматқа көшіру болып табылады. Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету саласында электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер санының өсуі бойынша оң үрдіс байқалады.

Мемлекеттік органның мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудегі нысаналы индикаторы электрондық форматта және мерзімдерін бұзбай көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесінің ұлғаюы болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде тұрғындардың сұраныстарына тұтастай  сүйене отырып,  көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар  жалғасатын болады.



Дата публикации
26 марта 2025