Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің 2024 жылға арналған нақтыланған азаматтық бюджеті
Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті Пешков ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.
Бұл құжат «бюджетті жоспарлау» бөлімін, «әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.
Ауылдық округ бюджеті-бұл ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс - Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.
Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған. Аудандық мәслихат сессиясының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 92 шешімімен бекітілген.