лауазымдық міндеттері

 

Әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптар

 «Фёдоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

(мемлекеттік органның атауы)

Бас маман

(лауазым атауы )

 1 бірлік, Е-G-3 санаты,

№ 1-01

                                  

Бас маман  - бухгалтер Пшеничная С.И.

 

1 бірлік, санат  Е-G-3

№ 1-01

 

Функционалдық міндеттері

Әрбір бюджеттік бағдарламалардың міндеттемелері мен төлемдерді бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді. Ауылдық округ әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару функциясын іске асыруға бағытталған ақшаны жұмсау және түсу жоспарын құруды жүзеге асырады. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін   қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер және толықтырулар енгізуді әзірлейді. Жеке қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және оларды әзірлеуді жүзеге асырады. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін  қызметтерді  мемлекеттік сатып алуларға   шарт жасасуды жүзеге асырады. Шығыстардың орындалуы   бойынша бухгалтерлік есеп жүргізуді және бухгалтерлік есеп беруді қамтамасыз етеді.  «Парус-Каз.Бюджет» бағдарламасының  жұмысын  жүзеге асырады. Құжаттардың уақытында және дұрыс ресімделуіне және  жасаған операциялардың заңдылығына  бақылау жасайды. Бухгалтерлік есепті жүргізуді, шығыстар сметасын атқару бойынша келесі  есеп регистрлерінде операцияларды  жүргізеді: «Бас кітап», «Кассалық кітап». Штаттық кестені әзірлейді. Иесіз мүлікке есеп жүргізеді. Қаржыландыру мәселелері бойынша аудан әкімдігінің интернет-ресурсын толтыруды және өзектендіруді қамтамасыз етеді. Қажетті құжаттарды ресімдейді және ақпараттарды дайындайды. Ауылдық округ әкімінің  ауылдық округ әкімінің аппаратының қызметіне қатысты  тапсырмаларын орындайды.

 

 

 

Әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптар

 «Фёдоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

(мемлекеттік органның атауы)

Бас маман  Полищук И.Г.

(лауазым атауы )

1 бірлік, Е-G-3 санаты,

№ 1-02

 

Функционалдық міндеттері

Ауылдық округ әкімінің  өкімдерін уақытында ресімдейді және заңдарға сәйкес оларды әділет басқармасында тіркеуді жүзеге асырады. Кадрлық мәселелер бойынша ауылдық округ әкімінің өкімін дайындауды жүзеге асырады. Істер номенклатурасын әзірлейді және сақталуына бақылау жасайды. Ауылдық округ әкімі аппаратының регламентінің сақталуына бақылау жасайды.   Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға, еңбек заңнамасының  талаптарына сәйкес кадр мәселелері бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Қатаң есептегі бланкілердің, штамптардың пайдалануы бойынша есептілік және бақылау жүргізеді. Кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркейді. Қызметтік құжаттарды қарауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың қабылдауын ұйымдастырады, заңнамалардың талаптарына сәйкес құжаттарын ресімдеуді қамтамасыз етеді. ААЖ ТӨБЕ бағдарламасының жұмысын қамтамасыз етеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу бойынша есептілікті  жүзеге асырады.  «Е-қызмет» ААЖ автоматтандырылған  тәртіпте  тоқтаусыз  қызмет етуі бойынша бақылауды қамтамасыз етеді.  Өз құзыреті шегінде облыс әкімінің және аудан әкімінің, облыс әкімдігінің және аудан әкімдігінің, облыс мәслихатының және аудан мәслихатының құқықтық актілерінің орындалу барысы туралы ақпараттардың жобаларын дайындайды. Ауылдық округ әкімі жанындағы  комиссия отырыстарының, әкімнің жанындағы кеңестердің, ауылдық округ азаматтары  жиынының  хаттамаларын ресімдейді.

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді: «Елді мекен шегінде объект                   салу       үшін жер учаскесін беру», «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»,  «Әкелікті белгілеуді тіркеу, оның ішінде өзгерістер енгізу», «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде  өзгерістер енгізу», «Бала тууды тіркеу, оның ішінде  өзгерістер енгізу», «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде өзгерістер енгізу», «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде өзгерістер енгізу», «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру», «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою». Ауылдық округ әкімі аппаратының  мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы есепті қалыптастырады. Ауылдық округ тұрғындарының статусын нақтылау бойынша жұмысты жүргізеді. Ұйымдастыру  мәселелері бойынша аудан әкімдігінің интернет-ресурсын толтыруды және өзектендіруді қамтамасыз етеді. Қажетті құжаттарды рәсімдеуді жүзеге асырады және ақпараттарды дайындайды. Ауылдық округ әкімінің  ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты  тапсырмаларын орындайды. Нотариалдық іс-қимылды жүзеге асырады және азаматтық жай-күй актілерін тіркеуге құжаттар қабылдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптар

 «Фёдоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

(мемлекеттік органның атауы)

Бас маман  Калашник В.Б.

(лауазым атауы )

1 бірлік, Е-G-3 санаты,

№ 1-03

 

Функционалдық міндеттері

Мал және құс  басын ветеринарлық есепке алуды жүргізеді, Қазақстан Республикасының ветеринария саласының  заңнамаларында белгіленген тәртіпте ауданның жергілікті атқару органдарына есептілікті ұсынады.  Тұрғындар саны, тұрғын үйлер, жекенің  және шаруа қожалықтарындағы мал саны туралы статистикалық есеп дайындайды. Тұрғын үй қорына регистр жүргізеді. Электрондық үкіметтің  Web-порталында  электрондық тізілім және  үй шаруашылықтарын есепке алу дәптерін жүргізеді.   Тұрғындарға  санақ жүргізеді және үйшаруашылығы кітаптарына өзгерістер енгізеді (келу, кету, туу, қайтыс болу).  Шаруа және фермерлік шаруашылықтарға есеп жүргізеді. Статистика органдарына нысан бойынша статистикалық есептілікті жүзеге асырады.

Көктемгі-дала және егін жинау жұмыстары кезінде күн сайын көктемгі-дала және егін жинау жұмыстарының барысы туралы ақпарат жинайды және дайындайды. Мемлекеттік субсидиялар бойынша ауылдық округтің ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне  ақпаратты жеткізеді. Негізгі азық-түліктің бағаларына мониторинг жүргізеді. Инвестициялық жобаларды іске асырудың барысы туралы ақпарат ұсынады. Ауылдық округтің  мал шаруашылығы саласының дамуы бойынша ақпарат жинайды. «Еңбек» бағдарламасының іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді.

«Федоров ауданы әкімдігінің Федоров аудандық ветеринарлық станциясы» мемлекеттік коммуналдық мекемесімен ИСЖ; ИАС бойынша  өзара іс-қимыл жасайды. Мемлекеттік қордың және елді мекендердің жерлерінің тиімді пайдаланылуы бойынша мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету   мәселелері бойынша аудан әкімдігінің интернет-ресурсын толтыруды және өзектендіруді қамтамасыз етеді. Қажетті құжаттарды рәсімдеуді жүзеге асырады және  ақпараттар дайындайды. Ауылдық округ әкімінің  ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты  тапсырмаларын орындайды.

 

 

 

Әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптар

 «Фёдоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

(мемлекеттік органның атауы)

Бас маман  Мухамедгалеева И.А.

(лауазым атауы )

1 бірлік, Е-G-3 санаты,

№ 1-04

Функционалдық міндеттері

Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Сотта және  басқа да органдарда құқық мәселелері бойынша әкімнің, ауылдық округ әкімі аппаратының мүдделерін заңнамаларда белгіленген тәртіпте ұсынады.  Сотқа талаптарды, басқа да өтініштерді әзірлейді. Ауылдық округ әкімінің шешімдерін уақытында ресімдеуді  және олардың заңнамаларға сәйкес әділет басқармасында тіркелуін жүзеге асырады.

Қылмыс, сыбайлас жемқорлық, нашақорлықпен күрес мәселелері бойынша өңірлік бағдарламалардың орындалуы бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.

Коммуналдық меншікті жалға берудің шартын әзірлейді. Ауылдық округтің жастарымен жұмыс жүргізеді, ауылдық округ жастарын әскери-патриоттық тәрбиелеу  бойынша жұмысты үйлестіреді.

 Мектептермен  қиын балаларды есепке қою, мектепке келмейтін балалар, олардың отбасы бойынша байланыста болады. Жастар арасында «Салауатты өмір салты» бағдарламасына қатысады. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру және мамандыққа оқыту бойынша тұрақты байланыста болады.

Округтің жастарының саны, жастардың білім деңгейі жөнінде, жұмыспен қамту мәселесін шешу, жұмысқа орналастыру, кәсіби даярлық, әлеуметтік-құқықтық қорғау, мазмұнды демалу және спорттық-көпшілік іс-шараларды өткізу    туралы ақпаратты әзірлеу мақсатында мониторинг жүргізеді.

Ауылдық округтің сайлаушылар базасымен жұмысты қамтамасыз етеді, сайлаушылар тізіміне өзгерістер мен нақтылау енгізеді, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімімен салыстырып тексеру жүргізеді.

Ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық қарым-қатынас, мемлекеттік рәміздерді пайдалану, азаматтық қоғам институттарының дамуы, ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша кешенді іс-шараларды іске асыруға және  әзірлеуге қатысады.  Ішкі саясат    мәселелері бойынша аудан әкімдігінің интернет-ресурсын толтыруды және өзектендіруді қамтамасыз етеді. Қоғамдық-маңызды процестерді жоспарлау, мониторинг және талдау саласындағы  жұмыстарды  үйлестіреді.

Қазақстан Республикасының даму стратегиясының басымдықтарын, Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын, бағдарламалық құжаттарын іске асыру  шеңберінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Ауданның ұйымдарына ай сайын белгіленген нысанда ақпараттық материалдар ұсынады. Қажетті құжаттарды ресімдеуді жүзеге асырады және ақпараттар дайындайды. Ауылдық округ әкімінің  ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты  тапсырмаларын орындайды

 

 Әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптар

 «Фёдоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

(мемлекеттік органның атауы)

Бас маман  Василькова Ю.В.

(лауазым атауы )

1 бірлік, Е-G-3 санаты,

№ 1-05

 

Функционалдық міндеттері

Облыс және аудан әкімінің, облыс және аудан әкімдігінің, облыс және аудан мәслихатының нормативтік-құқықтық актілерінің,  ауылдық округ әкімінің өз құзыретіне сәйкес қабылдаған хаттамалық шешімдерінің  орындалуын  қамтамасыз етеді.

Аппаратта бақылауға қойылған нормативтік актілердің және басқа да құжаттардың орындалуы туралы аудан әкімінің аппаратына ақпаратты уақытында ұсынуға бақылау жүргізеді.

Ауылдық округі әкімі аппаратының мұрағатында сақталатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, есепке алуды жүргізеді. Жылдық, тоқсандық, айлық  жұмыс жоспарларын әзірлейді. ҰОС қатысушыларын, көпбалалы отбасыларын және тұрғындардың басқа да топтарын   есепке алуды жүргізеді.

Осы санаттағы отбасыларына тұрмысын, үй жағдайын анықтау мақсатында  барады. Қажеттілігіне қарай бостандығынан  айыру орындарынан босағандардың  жұмысқа орналастыру,  тұрмысы, үй жағдайы мәселелерін шешеді. Төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жүргізеді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға құжаттар қабылдайды. 

Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат бойынша комиссия отырыстарын, ауылдық округ әкімі жанындағы арнаулы жәрдемақы тағайындау бойынша комиссия отырыстарын өткізуді, комиссия отырыстарының хаттамаларын ресімдеуді қамтамасыз етеді.  Бекітілген стандарттарға және регламенттерге сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетеді «Он сегіз  жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»,   «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» Қажетті құжаттарды ресімдеуді жүзеге асырады және  ақпараттарды дайындайды. Ауылдық округ әкімінің  ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты  тапсырмаларын орындайды.

 

 

Әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптар

 «Фёдоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

(мемлекеттік органның атауы)

Бас маман  Бакалова И.Л.

(лауазым атауы )

1 бірлік, Е-G-3 санаты,

№ 1-06

 

Функционалдық міндеттері

Жергілікті өзін-өзі басқару  бюджетіне салықтарды  жинауды жүзеге асырады: жеке табыс салығы, жеке тұлғалардан мүлік салығы, елді мекендердегі жерлерге жер салығы, жеке  тұлғалардан көлік құралдарына салық, заңды тұлғалардан көлік құралдарына салық. Салықтарды жинау бойынша қатаң есептіліктегі бланктерге есеп және бақылау жүргізеді.Салықтар бойынша деректер базасын жүргізеді, уақытында өзгерістер енгізеді және оны Федоров ауданының Салық басқармасымен салыстырып тексереді.  «Парус-Каз. Бюджет» бағдарламасында ауылдық округтің жергілікті өзін-өзі басқару   бюджетінің кіріс  бөлігі бойынша жұмыс жүргізеді.

Жергілікті қоғамдастықтың жиынын және жиналыстарын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, отырыстарының хаттамаларын ресімдеуді жүзеге асырады.

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 165, 300, 311, 387 баптарында қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі істерді қарау үшін құжаттар дайындайды.

Әскери міндеттілердің және әскерге шақырылушылардың есебін жүргізеді. Қазақстан Республикасының әскери қызметіне әскерге шақырылғандарды тіркеу және шақыру бойынша Федоров қорғаныс істері бөліміне құжаттар дайындайды. Әскери міндеттілердің картотекасын жүргізеді, оны  Федоров қорғаныс істері бөлімімен салыстырып тексереді.

                             

Дата публикации
31 мая 2024