Пешков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының 2024 жылғы 29 наурыздағы ШЕШІМДЕРІ

Пешков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының

2024 жылғы 29 наурыздағы

ШЕШІМДЕРІ

 

1. Жер учаскелерін бөлу туралы

 ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

  1. «Золотая овца» АШӨК жер учаскелерін бөлу туралы мәселені қарауды құжаттар сәйкес келтірілгенге дейін кейінге қалдырылсын.
  2. «Дала Жемис» ЖШС-не өтініш білдірген тұрғындарды жем-шөппен қамтамасыз ету міндеттемесімен ауданы 170 га № 119 алаңды пайдалануға рұқсат етілсін.

 

2. Көктемгі батпақ кезінде ауылішілік жолдармен жүк көлігінің қозғалысына тыйым салу туралы.

 ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024 жылғы 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында көктемгі батпақ кезеңінде кентішілік жолдармен жүк көлігінің қозғалысына тыйым салынсын.
  2. Бұл шешім WhatsApp топтарында орналастырылсын, электрондық пошта мекенжайларына жіберілсін және т.б. жолымен барлық ұйымдардың басшыларына, АШТӨ және ауылдық округ тұрғындарына жеткізілсін.

III. Бюджет қаражатының бос қалдығын бөлу туралы.

 ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

  1. Бюджет қаражатының бос қалдығы:

001 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасына көмір сатып алуға 790,0 мың теңге сомада

008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасына коммуналдық қызметтерді төлеуге 6090,12 мың теңге сомада,көшелерді жарықтандыруға техникалық қызмет көрсету 873,18 мың теңге сомада

011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасына бензин мен дизель отынына 506,5 мың теңге сомада

013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасына Пешков ауылының кентішілік жолдарын қысқы күтіп ұстауға 1000,0 мың теңге сомада жіберілсін.

  1. Қаражат қалдығы су кәрізін абаттандыруға (құбырларды сатып алу және орнату) және Пешков ауылының кіреберістерінде 4 бейнекамера орнатуға жіберілсін.

Жиналыстың төрағасы Ю.Малышко                                             

Жиналыстың хатшысы                                    И.Полищук

 

Дата публикации
01 апреля 2024