талдамалық анықтама

«Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жөргізудің қорытындылары бойынша

талдау жазбасы

 

«Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес және «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу туралы» Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 8-ө өкімінің негізінде жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2022 жылғы 1-10 маусым аралығында өткізілді.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер:

«Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 437 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде жүзеге асырады. Ережеде белгіленген әкім аппаратының функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.

«Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі нормативтік құқықтық актілер мыналар: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, «Салықтар және бюджетке төленетін өзге де төлемдер туралы» (Салық кодексі) ҚР Кодексі, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі».

Пешков ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдаудың қорытындылары бойынша дискрециялық уәкілеттіктер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін нормалар анықталған жоқ.

  1. Персоналды басқару

«Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ штат саны 7 бірлікті құрайды (әкім, 6 бас маман).

Талдау жүргізу кезеңінде әкім аппараты толық жинақталмаған, бір вакансия болды (бас маман). 2022 жылғы 5 айда қызметкерлердің лауазымын төмендету фактілері жоқ. Өткен кезеңде жұмысқа қабылданған және босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің аффилирленгені, сонымен қатар мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

Мекеменің мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қосарлау фактілері жоқ.

Қызметкерлерге еңбек демалысын беру бекітілген кестеге сәйкес және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңы мен еңбек кодексіне қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

Қызметкерлерді еңбек демалысынан шақырту фактілері жоқ.

Тәртіптік жазасы алынбаған қызметкерлерге сыйақы беру фактілері жоқ.

Талдау жүргізілетін кезеңде әкім аппаратының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын, сонымен қатар мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері жоқ.

Талдау жүргізілетін кезеңде мекеменің қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартудың 1 факті болды.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету

«Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 14 түрін көрсетеді:

  • «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»,
  • «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»,
  • «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,
  • «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»,
  • «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»,
  • «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»,
  • «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»,
  • «Некені (ерлі-зайыптылықты) қиюды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»,
  • «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»
  • «Азаматтық хал актілері жазбаларын жою»
  • «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»,
  • «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»,
  • «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп төлеу арқылы сату»
  • «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

Көрсетілетін қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы тұрғындарға ақпарат беру үшін стенд ресімделіп, онда мекеме көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Стандарттары мен Регламенттері орналастырылған, сенім телефоны, ауылдық округ әкімінің азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі көрсетілген.

Екі мемлекеттік көрсетілетін қызметте: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызмет алушы мен қызмет беруші тікелей байланыста болады.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 7-1 бөлігіне сәйкес, ауылдық округ әкімі шешімінің жобасы жер учаскесін ақылы түрде берген жағдайда, жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығын сатып алу бағасын қамтуға тиіс. Ал «Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 2-тарауының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:

бірінші кезең:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқықты сатып алуға өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);

екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.

Көрсетілетін қызметті алушылардан қосымша құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

  1. «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік органдармен өткізілген тексерістердің нәтижелері.

А.ж. 5 айда тексерістер өткізілген жоқ.

  1. Прокурорлық әрекет ету актілері

Талдау жүргізілетін кезеңде прокурорлық әрекет ету актілері келіп түскен жоқ.

  1. «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

Талдау жүргізілетін кезеңде келіп түскен өтініштердің жалпы саны – 7. Өтініштердегі негізгі мәселелер тұрғын үй-тұрмыстық мәселелер.

Өтініштерді қараудың нәтижелері: қанағаттандырылды – 1, түсіндірілді – 6.

Пешков ауылдық округі әкімінің жеке қабылдауына 6 өтініш келіп түсті, оларға жеке қабылдау барысында ауызша жауап берілді.

Талдау жүргізілетін кезеңде шағымдар келіп түскен жоқ.

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Бұқаралық ақпарат құралдарында «Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлеріне қатысты теріс жариялымдар деректері жоқ.

«Федоров ауданы Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіне өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Екі мемлекеттік көрсетілетін қызметте: «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызмет алушы мен қызмет беруші тікелей байланыста болады.

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының құқықтық нормалары ҚР Жер кодексінің 43-бабының 7-1 бөлімдеріне қайшы келеді, атап айтқанда: Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды:

бірінші кезең:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқықты сатып алуға өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);

екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.

Көрсетілетін қызметті алушылардан қосымша құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Осыған байланысты, жер учаскесі төлемақыға берілген жағдайда, жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының сатып алу бағасын көрсету үшін негіздер жоқ.

Дата публикации
28 июня 2023