2023-2025 ж дамыту бағдарламасы

Жалпы сипаттама:

Пешков ауылдық округі 1900 жылы құрылған, аудан орталығынан 25 км. қашықтықта орналасқан, тұрғындарының саны 3214 адам, округ аумағы - 7402 га. құрайды.

Пешков ауылдық округінің әкімі Әмірбек Құрманғалұлы Ержанов, осы лауазымда 2003 жылғы 20 сәуірден бастап жұмыс істейді.

Округ қызметінің негізгі бағыты астық өндіру және сату болып табылады, халықтың кәсібі жеке қосалқы шаруашылық пен бау-бақша шаруашылығын жүргізу болып табылады.

Пешков ауылдық округінде 3214 адам тұратын 5 елді мекен бар.

Қостанай облысы Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынының 2018 жылғы 04 қаңтардағы № 1 хаттамасына сәйкес 31 адамнан тұратын жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамы сайланды.

 

Ағымдағы жағдайды талдау:

 

Пешков ауылдық округінің құрамында Пешков, Кравцов, Калиновка, Полтавка, Большое елді мекендер бар.

Ауылдық округ тұрғындарының саны 3214 адамды құрайды, оның ішінде зейнеткерлер – 603, балалар - 285, еңбекке қабілетті халық – 1767 адам, жұмыс істейтін халық саны – 1644 адам.

Округте 6 ЖШС және 49 шаруа қожалықтары, 115 жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді.

Әлеуметтік сала объектілерінің қатарында ауылдық округте Пешков ауылында жалпы білім беретін мектеп және Кравцов, Калиновка және Большое ауылдарында орыс тілінде оқытатын 3 бастауыш мектеп жұмыс істейді, 369 оқушы, екі спорт залы бар. Пешков ауылында 70 және 45 орындық 2 балабақша, ауылдық клуб, 1 ауылдық кітапхана, Дәрігерлік амбулатория, 2 ФАП бар.

 Қызмет көрсету саласында пошта бөлімшесі, ұялы байланыс, 36 дүкен, 1 наубайхана, 1 кафе, 1 ТҚС, 1 жанармай құю бекеті, 1 АТС жұмыс істейді.

Округтегі жеке қосалқы шаруашылық – 1797 басты, жылқы – 311 басты, қой - 1041 басты, шошқа - 1700 басты құрайды.

Пешков ауылдық округінің ағымдағы жағдайын талдау қорытындысы бойынша келесі тармақтарды атап өтуге болады:

- Кравцов ауылында су құбырының тарату желілерін салу;

-  кентішілік жолдардың жол жабынын орташа жөндеу қажет;

- Пешков ауылдық округінің қолданыстағы көше жарықтандыруын жаңғырту, шамдарды жарықдиодты шамдарға ауыстыру бойынша іс-шаралар жүргізу талап етіледі;

- спорт стадионын жөндеу қажет;

- «Иволга» мәдениет үйін ағымдағы жөндеу қажет;

- кентішілік жолдарды шұңқырлы жөндеу.

          Ауылды дамыту перспективасында шағын және орта бизнесті кеңейту, жаңа кәсіпорындар, жұмыс орындарын құру, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, бәсекелестік артықшылықтар мен даму басымдықтарын анықтау. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына қатысу мүмкіндігі туралы тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жалғастыру, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы оқытудан немесе қайта даярлаудан өту.

 

Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер:

- Кравцов ауылында су құбырының тарату желілерін салу;

- Пешков ауылының Новоселов және Октябрьская көшелерінің кентішілік жолдарына орташа жөндеу жүргізу

- энергия үнемдеу мақсатында қолданыстағы көше жарықтандыру желілерін жаңғырту;

- Пешков ауылының көшелерінде қосымша жарықтандыру шамдарын орнату

          - қысқы кезеңде үздіксіз жұмыс істеу мақсатында кентішілік автомобиль жолдарын ұстау бойынша іс-шаралар өткізу.

                            

Әзірлеу үшін негіз

-

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заң, 38-1 және 39-3-баптар;

Бағдарламаны әзірлеуші:

-

Пешков ауылдық округі әкімінің аппараты

Бағдарламаның мақсаты: 

-

Елді мекендерді ұтымды аумақтық ұйымдастыруды қалыптастыру және экономикалық өсудің шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау

Күтілетін нәтижелер: 

-

Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру кезінде жергілікті тұрғындар арасында құзыреттілік пен құқықтарды білу деңгейін арттыру, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының алдында ағымдағы кезеңге қойылған мақсаттарға қол жеткізуді бақылау, сондай-ақ жергілікті проблемаларды шешуде жұртшылықтың рөлі.

 

Пешков ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

                       р/с

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

1

2

3

4

5

6

I. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1.1

Елді мекендерді жарықтандыру

мың теңге

20071,2

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

қаңтар-желтоқсан 2023 ж.

II. Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

2.1

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

мың теңге

750,0

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

қаңтар-желтоқсан 2023 ж.

III. Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

3.1

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

мың теңге

2448,0

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

қаңтар-желтоқсан 2023 ж.

IV. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

4.1

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

мың теңге

38368,2

 

 

 

Жергілікті бюджет

қаражаты есебінен

 

қаңтар-желтоқсан 2023 ж.

v. Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

5.1

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

мың теңге

1234,4

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

қаңтар-желтоқсан 2023 ж.

5.2

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша                 іс-шараларды іске асыру

мың теңге

38140,7

 

қаңтар-желтоқсан 2023 ж.

 

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу

мың теңге

900,0

 

қаңтар-желтоқсан 2023 ж.

 

Дата публикации
11 сентября 2023