2024 жылғы 22 қаңтардағы Пешков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының ШЕШІМДЕРІ

2024 жылғы 22 қаңтардағы Пешков ауылдық округінің

жергілікті қоғамдастық жиналысының

ШЕШІМДЕРІ

 Пешков ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы

 ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 Пешков ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы 2023 жылғы есеп бекітілсін.

  1. «Золотая овца» АШӨК малдарын жаю үшін нөмірі 119 өрісті беру туралы

 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 «Золотая овца» АШӨК мал жаю үшін № 119 өрісіті беру туралы мәселе ашық қалдырылсын, ауылдық округтің жайылымдарын жалпы негіздерде пайдалануға рұқсат етілсін.

III. Елді мекен шегіндегі жайылымдық жерлерді ШҚ ұзақ мерзімді жалға беруден қайтару туралы

         ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 Жер пайдаланушылардың барлық тиісті құжаттарды ресімдеуіне байланысты жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді өзгертуге де, жоюға да болмайды.

  1. Пешков ауылының тұрғындарының ауыл шаруашылығы жануарлары үшін жем-шөп базасының сақтандыру қорын құру жөніндегі кентішілік бағдарламаны әзірлеу туралы, шаруашылықтардан күзгі кезеңде, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары үшін төмендетілген бағамен сақтандыру қорынан қыс-көктем кезеңінде жем-шөп сату мүмкіндігін көздеу туралы.

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Пешков ауылының тұрғындарының ауыл шаруашылығы жануарлары үшін жем-шөп базасының сақтандыру қорын құру жөніндегі кентішілік бағдарламаны әзірлеу туралы, шаруашылықтардан күзгі кезеңде, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары үшін төмендетілген бағамен сақтандыру қорынан қыс-көктем кезеңінде жем-шөп сату мүмкіндігін көздеу туралы мәселе жергілікті қоғамдастық жиынының құзыретіне жатпайды.
  2. Егер ауыл тұрғындарына жем қажет болса, кез-келген ЖШС жем-шөп дайындайды, ол үшін басшыға хабарласу керек және жем жаздырып алу керек.
Дата публикации
26 января 2024