Абаттандыру

2023 жылға жеке үйлер мен мемлекеттік мекемелердің қасбеттері сәйкестендірілді. Елді мекендердің тұрғындары қоршаулары мен үй маңындағы аумақтарын тәртіпке келтіреді. «Трояна» ЖШС ҚТҚ полигонын тәртіпке келтірді – шамамен 4 млн.теңге жұмсалды, 2 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды, көктемде 50 көшет, күзде 53 ағаш және бұталар көшеттері отырғызылды.

Ұзындығы 1 км Кравцов ауылындағы кентішілік жолға орташа жөндеу жүргізілді.

Кравцов ауылының Придорожная, Уәлиханов және Молдағұлова көшелерінде қосымша 30 шам орнатылды.

Пешков-Полтавка бағытында грейдерге қиыршық тас төсеу жұмыстары аяқталуда.

Тұрғындардың өтініші Большой ауылының көшелері жарықтандырылды, Киров, Ленин және Багриенко көшелерінде жарықтандыру қайта жаңартылды. Орнатылған шамдардың жалпы саны Пешков ауылында 142 дана, Большой ауылында 26 шамды құрады.

Абаттандыру
Дата публикации
01 декабря 2023