Федоров аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 465 шешіміне толықтыру енгізілді:
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін дәрілік заттарды сатып алуға және медициналық тексеруге байланысты шығыстарды өтеу үшін барлық санаттағы мүгедек адамдарға нақты шығындар мөлшерінде, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кірістерді есепке алмағанда біржолғы әлеуметтік көмек көрсету.
Алу үшін «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ келесі құжаттармен жүгіну қажет:
1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) ағымдағы жылы дәрігер куәландырған рецепт бланкілерінің көшірмелері (қолы мен мөрі бар) ;
3) дәрілік заттар көрсетілген немесе оларға жүкқұжат қоса берілген кассалық чектер. Барлық сұрақтар бойынша 21996 телефоны бойынша хабарласуға болады.