Пешков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының
2026 жылғы 27 ақпандағы
ШЕШІМІ
- Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі аудандық жер комиссиясының отырысына қатысу үшін жергілікті қоғамдастық өкілін, Пешков ауылдық округінің жергілікті тұрғындарын жіберу туралы.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Выприцкая Юлия Викторовна 2026 жылғы 27 наурызда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі аудандық жер комиссиясының отырысына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың, Пешков ауылдық округінің жергілікті тұрғындарының өкілі ретінде жіберілсін.
Дауыс берілді: «Қолдады» – 5, «Қарсы» - 0, «Қалыс қалды» - 0. Бірауыздан қабылданды.
- «Жеңілдікті бағамен шөп дайындау бойынша халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін шөп шабуға жер учаскелерін беру туралы»
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Дала Жемис» ЖШС Полтавка ауылының жанындағы №КОС2,5 алаңында 4 га учаскесінде шөп дайындаумен айналысуға рұқсат етілсін.
- Халықтың қажеттіліктері мен өзінің қажеттіліктерін жеңілдетілген бағамен қанағаттандыру үшін А.А. Синькевичке Полтавка ауылының жанындағы №КОС2,5 алаңында 90 га учаскесінде шөп дайындаумен айналысуға рұқсат етілсін.
- ЖӨБ мүшелері көктемде шөп шабуға арналған алаңдарды, алқаптарды тексерсін.
Дауыс берілді: «Қолдады» – 5, «Қарсы» - 0, «Қалыс қалды» - 0. Бірауыздан қабылданды.
Жиналыстың төрағасы Ю.Малышко
Жиналыстың хатшысы Л. Дубко