Округ экономикасының басым саласы өсімдік және мал шаруашылығы болып табылады, оның әлеуетіне халықтың әл-ауқатының деңгейі тікелей байланысты. Округтің ауыл шаруашылығында 2 ЖШС, 10 шаруа қожалығы бар.
Ағымдағы жылы жалпы егіс алқабы - 28394 га құрады.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда 764 ірі қара мал басы, оның ішінде 350 бас сиыр, 24 бас жылқы, 384 бас ҰҚМ, 224 бас шошқа бар. Екі сүт қабылдау пункті жұмыс істейді. Сатып алу құны бір литрге - 165 теңгені құрайды, өткен кезең ішінде баға төмендеген жоқ.
Есепті кезеңде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 2 адам; 2 адам «Бастау-бизнес» бағдарламасы бойынша оқытылды; 1 адам микрокредит алды (мал шаруашылығын дамытуға, тұқым сатып алуға, жүк тасымалдауға); гранттар - 1 адам.
Ауылдық округ аумағында 4 сауда нүктесі, пошта бөлімшесі,ФАП.