Ауданда 1 негізгі мектеп, 1 шағын орталық жұмыс істейді.
Первомай негізгі мектебінде толық күндік шағын орталық жұмыс істейді, балалар саны 25, шағын орталық ойын және жатын бөлмесімен жабдықталған.
Мектепте футбол, баскетбол, шахмат, шашки, тенис секциялары өткізіледі.
Күн сайын Трактовое ауылынан Первомай негізгі мектебіне 10 оқушы жеткізіледі.
Мектепте жылыту қатты отынмен жүзеге асырылады.