Жергілікті қоғамдастық

 

                                                               

                                                               Жергілікті қоғамдастық жиналысының

                                                                2022 жылғы «28» желтоқсандағы

                                                                хаттамасымен бекітілген

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        2023-2025 жылдарға арналған

Қостанай облысы Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әзірлеуші: «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Жалпы сипаттама:

Первомай ауылдық округі 1992 жылы құрылған, аудан орталығынан 34 км. қашықтықта орналасқан, тұрғындарының саны 855 адам, округ аумағы - 5862 га. құрайды.

Первомай ауылдық округінің әкімі Турмин Максим Леонидович, осы лауазымда 2019 жылғы 01 наурыздан бастап жұмыс істейді.

Округ қызметінің негізгі бағыты астық өндіру және сату болып табылады, халықтың кәсібі жеке қосалқы шаруашылық пен бау-бақша шаруашылығын жүргізу болып табылады.

Первомай ауылының айналасында 14 км радиуста 140 адам тұратын 1 елді мекен орналасқан.

Қостанай облысы Федоров ауданы Первомай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынының 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 1 хаттамасына сәйкес 21 адамнан тұратын жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамы сайланды.

 

Ағымдағы жағдайды талдау:

 

Первомай ауылдық округінің құрамында Трактовый елді мекені бар.

Ауылдық округ тұрғындарының саны 855 адамды құрайды, оның ішінде зейнеткерлер – 168, балалар - 195, еңбекке қабілетті халық – 465 адам, жұмыс істейтін халық саны – 422 адам.

Округте 2 ЖШС және 7 шаруа қожалықтары, 22 жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді.

Әлеуметтік сала объектілерінің қатарында ауылдық округте Первомай ауылында орыс тілінде оқытатын орта мектеп жұмыс істейді, 1103 оқушы, екі спорт залы бар. 30 орындық 1 шағын орталық бар. Первомай ауылында ауылдық клуб, 1 ауылдық кітапхана, ФАП бар.

 Қызмет көрсету саласында пошта бөлімшесі, ұялы байланыс, 4 дүкен жұмыс істейді.

Округтегі жеке қосалқы шаруашылық ІҚМ – 764 басты, жылқы – 24 басты, қой - 395 басты, шошқа -  224 басты құрайды.

Первомай ауылдық округінің ағымдағы жағдайын талдау қорытындысы бойынша келесі тармақтарды атап өтуге болады:

- кентішілік көшелерді орташа жөндеу қажет;

- бос жерлерге қоршау орнату қажет.

         Ауылды дамыту перспективасында шағын және орта бизнесті кеңейту, жаңа кәсіпорындар, жұмыс орындарын құру, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, бәсекелестік артықшылықтар мен даму басымдықтарын анықтау. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына қатысу мүмкіндігі туралы тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.

 

Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер:

- Первомай ауылының кентішілік көшелеріне орташа жөндеу жүргізу;

- бос жерлерге қоршау орнату;

- қысқы кезеңде үздіксіз жұмыс істеу мақсатында кентішілік автомобиль жолдарын ұстау бойынша іс-шаралар өткізу.

                           

Әзірлеу үшін негіз

-

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заң, 38-1 және 39-3-баптар;

Бағдарламаны әзірлеуші:

-

Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты

Бағдарламаның мақсаты: 

-

Елді мекендерді ұтымды аумақтық ұйымдастыруды қалыптастыру және экономикалық өсудің шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау

Күтілетін нәтижелер: 

-

Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру кезінде жергілікті тұрғындар арасында құзыреттілік пен құқықтарды білу деңгейін арттыру, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының алдында ағымдағы кезеңге қойылған мақсаттарға қол жеткізуді бақылау, сондай-ақ жергілікті проблемаларды шешуде жұртшылықтың рөлі.

 

III. Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі                    іс-шаралар жоспары

                       р/с

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

1

2

3

4

5

6

I. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1.1

Елді мекендерді жарықтандыру

мың теңге

8315,0

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Облыстық бюджет

қаңтар-желтоқсан 2023ж.

II. Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

2.1

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

мың теңге

 497,9

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

қаңтар-желтоқсан 2023ж.

III. Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

3.1

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

мың теңге

3549,5

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

қаңтар-желтоқсан 2023ж..

IV. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

4.1

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

мың теңге

27330,8

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

қаңтар-желтоқсан 2023ж.

v. Елді мекендерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

5.1

Қысқы кезеңде жолдарға қызмет көрсету

мың теңге

330,0

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

маусым-шілде 2023ж.

VI. Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу

6.1

Федоров ауданы Первомай ауылдық округі, Первомай ауылындағы Солнечная көшесі мен Свобода жолын орташа жөндеу объектісі бойынша техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу

мың теңге

1340,0

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

қыркүйек-желтоқсан 2023ж.

 

 

 

                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы
Дата публикации
14 марта 2024