Положение о государственном учреждении
- «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты), Первомай ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көрсетілген басқа да қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкімнің аппараты өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауларымен мөр және мөр табандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органында шоты бар.
- Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа енеді.
- Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынас жағынан сөз сөйлеуге құқылы.
- Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты туралы Ереже, оның құрылымдары аудан әкімімен бекітіледі.
- Мемлекеттік органның толық атауы орыс тілінде- государственное учреждение «Аппарат акима Первомайского сельского округа Федоровского района», қазақ тілінде «Федоров ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
положениеДата публикации
21 ноября 2023