Бүгін Ленин ауылдық округінің әкімі Сейдахметов А. Ленино ауылының тұрғындарымен кездесті.
Біз шөп шабуды ұйымдастыру, абаттандыру жұмыстарын жақсарту және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына қатысуға қатысты маңызды мәселелерді талқылап, елді
мекендерді абаттандыру ережелері бойынша түсіндірме бердік. Ауылдың экологиялық жағдайын жақсарту, тазалық пен тәртіпті сақтау үшін бірлесіп жоспарлар әзірледік.