2025-2027 жылдарға жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

Жалпы сипаттама:

Ленин ауылдық округі 1930 жылы құрылған, аудан орталығынан 65 км. қашықтықта орналасқан, тұрғындарының саны 1510 адам, округ аумағы - 3717 га. құрайды.

Ленин ауылдық округінің әкімі Сейдахметов Абай Аскарович, осы лауазымда 2024 жылғы 24 маусымнан бастап жұмыс істейді.

Округ қызметінің негізгі бағыты астық өндіру және сату болып табылады, халықтың кәсібі жеке қосалқы шаруашылық пен бау-бақша шаруашылығын жүргізу болып табылады.

Ленин ауылының 25 км радиус айналасында 540 адам тұратын 2 елді мекен орналасқан.

Қостанай облысы Федоров ауданы Ленин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынының 2024 жылғы 21 қазандағы № н/ж хаттамасына сәйкес 15 адамнан тұратын жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамы сайланды.

Ағымдағы жағдайды талдау:

Ленин ауылдық округінің құрамында Ленин, Заозерное, Жанакой елді мекендер бар.

Ауылдық округ тұрғындарының саны 1510 адамды құрайды, оның ішінде зейнеткерлер – 199, балалар - 248, еңбекке қабілетті халық – 1041 адам, жұмыс істейтін халық саны – 840 адам.

Округте 3 ЖШС және 43 шаруа қожалықтары, 17 жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді.

Әлеуметтік сала объектілерінің қатарында ауылда Ленин ауылындағы жалпы білім беретін мектеп және Жанакой ауылында мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын бастауыш мектеп жұмыс істейді, 131 оқушы оқиды, екі спорт залы бар. 20 және 40 орындық 2 шағын орталық бар. Жанакой ауылындағы ауылдық клуб, 2 ауылдық кітапхана, ФАП бар.

Қызмет көрсету саласында пошта бөлімшесі, ұялы байланыс, 7 дүкен, 1 наубайхана, 1 сүт қабылдау пункті жұмыс істейді.

Округтегі жеке қосалқы шаруашылық ІҚМ – 754 басты, жылқы – 350 басты, қой - 1885 басты, шошқа – 310 басты құрайды.

Ленин ауылдық округінің ағымдағы жағдайын талдау қорытындысы бойынша келесі тармақтарды атап өтуге болады:

- спортпен айналысуға арналған спорт алаңы жоқ;

- ойын алаңы жоқ;

- кентішілік жолдарды шұңқырлы және орташа жөндеу.

Ауылды дамыту перспективасында шағын және орта бизнесті кеңейту, жаңа кәсіпорындар, жұмыс орындарын құру, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, бәсекелестік артықшылықтар мен даму басымдықтарын анықтау. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына қатысу мүмкіндігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жалғастыру, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы оқытудан немесе қайта даярлаудан өту.

Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер:

- Ленин ауылына кіреберіс жолына орташа жөндеу жүргізу;

- ойын алаңын орнату;

         -қысқы кезеңде үздіксіз жұмыс істеу мақсатында кентішілік автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша іс-шаралар өткізу.

 

Әзірлеу үшін негіз

-

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заң, 38-1 және 39-3-баптар;

Бағдарламаны әзірлеуші:

-

Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты

Бағдарламаның мақсаты: 

-

Елді мекендерді ұтымды аумақтық ұйымдастыруды қалыптастыру және экономикалық өсудің шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау

Күтілетін нәтижелер: 

-

Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру кезінде жергілікті тұрғындар арасында құзыреттілік пен құқықтарды білу деңгейін арттыру, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының алдында ағымдағы кезеңге қойылған мақсаттарға қол жеткізуді бақылау, сондай-ақ жергілікті проблемаларды шешуде жұртшылықтың рөлі.

 

III. Жергілікті даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

                       р/с

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

1

2

3

4

5

6

I. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1.1

Елді мекендерді жарықтандыру

мың теңге

6205,8

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

Аудандық бюджеттен (облыстық маңызы бар қаладан)берілетін трансферттер есебінен

қаңтар-желтоқсан 2025 ж.

II. Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

2.1

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

мың теңге

674,7

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

.наурыз-желтоқсан 2025 ж

III. Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

3.1

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

мың теңге

2224,6

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

Аудандық бюджеттен (облыстық маңызы бар қаладан)берілетін трансферттер есебінен

Республикалық бюджет қаражаты есебінен

Қаңтар-желтоқсан 2025 ж.

IV. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

4.1

Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

мың теңге

25989,2

 

 

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

Аудандық бюджеттен (облыстық маңызы бар қаладан)берілетін трансферттер есебінен

Республикалық бюджет қаражаты есебінен

қаңтар-желтоқсан 2025 ж.

 


                     

 

2025-2027 жылдарға жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы
Дата публикации
21 января 2026