Функционалдық жауапкершіліктер

 

«Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

бас маман

Функционалдық міндеттері

1.      Жұмыспен қамту шараларын көрсету шеңберінде «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және «Қостанай облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  «Федоров ауданының Мансап орталығы» филиалымен тұрақты байланыста болу. Аудан әкімінің сайтында ақпаратты орналастыру және жаңарту жұмыстарын жүргізеді.

2.      Ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарын жасау бойынша ауылдық округ әкімі аппараты қызметшілерінің ұсыныстарын жүйелеу. Бір жылға, тоқсанға, айға жұмыс жоспарын әзірлеу.

3.      Инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпарат береді.

4.      Округте көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарының барысы туралы ақпаратты күнделікті жинауды және дайындауды жүзеге асырады.

5.      Ауылдық округтің АШТӨ мемлекеттік субсидиялар бойынша ақпаратын жеткізеді.

6.      Ауылдық округте мал шаруашылығы саласын дамыту бойынша ақпарат жинайды.

7.      Ауылдық округтің сайлаушылар базасының жұмысын қамтамасыз етеді, сайлаушылар тізіміне өзгерістер мен нақтылаулар енгізеді, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімімен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

8.      Қағидалар мен стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асырады:

- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»;

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

- «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;

- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;

- «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту».

9.      Көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда ұсынады.

10.    Қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға оны көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

11.    Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және қарау нәтижелері туралы мерзімінде хабарлайды.

12.    Көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша қызметті орындау сатысы туралы хабардар етеді.

13.    Қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

14.    Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қызметтерді көрсету сатысы туралы қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізеді.

15.    Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

16.    Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді.

17.    Ауылдық округ бойынша халықтың көші-қонына бақылауды жүзеге асырады.

18.    Есепке алуды, халық санағын, әр шаруашылық кітаптарын жүргізуді қамтамасыз етеді. Халықтың саны, тұрғын үйдің болуы, жеке қосалқы және шаруа қожалықтарындағы мал саны туралы статистикалық есептер дайындайды.

 19.   Мемлекеттік қордың және елді мекендердің жерлерін ұтымды пайдалану бойынша мониторинг жүргізеді.

20.    «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталында жұмысты қамтамасыз етеді.

21.    Қажет болған жағдайда аудан әкімінің аппаратына қойылған сұрақтары бар құжаттарға ақпараттың уақтылы берілуін бақылауды жүзеге асыру.

22.    АШЖБ, БАЖ бойынша «Федоров ауданы әкімдігінің Федоров ветеринариялық станциясы» МКК өзара іс-қимыл жасайды.

23.    Қажетті құжаттарды ресімдеуді жүзеге асырады және сұратылған ақпаратты дайындайды.

24.    Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты ауылдық округ әкімінің тапсырмаларын орындайды.

25.    Ішкі тәртіп ережелерін сақтайды.

 

бас маман

Функционалдық міндеттері

1. Ауылдық округ әкімінің нормативтік-құқықтық актілерін дайындауды және қабылдауды ұйымдастыруды жүзеге асыру.

2. Қатаң есептілік бланкілерін пайдалану бойынша есеп және бақылау жүргізу.

3. Мөртабандардың сақталуына жауап береді.

4. Кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеуді қамтамасыз ету.

5. Қызметтік құжаттарды қарауды жүзеге асыру.

6. Жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды ұйымдастыру, заңнаманың талаптарына сәйкес құжаттаманың ресімделуін қамтамасыз етеді.

7. Ауылдық округ аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін құжаттарды дайындайды.

8. Халықтың табысы аз, әлеуметтік осал топтарымен жұмысты жүзеге асыру. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеруді жүзеге асырады.

9. Е-өтініш ААЖ бағдарламасының жұмысын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды жүргізу бойынша есептілікті жүзеге асыру.

10. Әкім жанындағы комиссия отырыстарының, әкім жанындағы кеңестердің, ауылдық округ азаматтары жиындарының хаттамаларын ресімдеуді жүзеге асыру.

11. Ауылдық округ тұрғындарына тұрғылықты жерінен, отбасы құрамы туралы анықтамалар беруді жүзеге асырады.

12. Округ аумағын абаттандыру және тазарту бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.

13. Мемлекеттік атаулы көмекті тағайындауға, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жәрдемақы тағайындауға құжаттарды қабылдауды жүзеге асыру.

14. Мүгедектер мен мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту бойынша жәрдем көрсетуді, туындайтын проблемаларды, тұрғын үй – тұрмыстық жағдайларды анықтау мақсатында осы санаттағы отбасыларға баруды жүзеге асырады

15. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өзара                 іс-қимыл жасайды.

16. Жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарын әзірлейді.

17. Округ ұйымдарының қызметкерлерін жалпыға бірдей құқықтық оқыту бойынша жұмыс жүргізеді.

18. «Е-қызмет» ААЖ үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

19.    Қажетті құжаттарды ресімдеуді жүзеге асырады және сұратылған ақпаратты дайындайды.

20.    Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты ауылдық округ әкімінің тапсырмаларын орындайды.

21.    Ішкі тәртіп ережелерін сақтайды.

 

 

бас маман

Функционалдық міндеттері

1. Құқықтық тәртіп органдарымен бірлесе отырып, мектепке бармайтын қиын жасөспірімдерді есепке алу бойынша ауылдық округ мектептерімен байланысты қолдау, отбасыларға баруды жүзеге асырады.

2. Өскелең жастар арасында «салауатты өмір салты үшін» бағдарламасына қатысу.

3. Ауылдық округтің құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлықпен және алкоголизммен күрес мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау.

4. Ауылдық округ аумағында мүлік, жер, көлік салықтарын жинауды, олардың бюджетке түсуінің толықтығын қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

5. Ауылдық округ аумағында мүлік, жер, көлік салықтарын жинау бойынша есептілікті жүргізу.

6. Ауылдық округ бойынша салық органы есептеген салықтардың сомасы туралы хабарламаларды тапсыруды жүзеге асырады.

7. Ауылдық округтегі жастардың саны, жастардың білім деңгейі туралы ақпарат жасау, жұмыспен қамту, жұмысқа орналасу, кәсіптік даярлық, әлеуметтік және құқықтық қорғау, бос уақытты мазмұнды өткізу және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу мақсатында мониторинг жүргізуді жүзеге асыру.

8. Әскери міндеттілерді есепке алуды, тіркеуге және шақыруға материал дайындауды жүзеге асыру.

9. Ауылдық округ жастарына әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша жұмысты үйлестіру.

10. Белгіленген тәртіпке сәйкес іс жүргізу аяқталған істерді дайындауды және мұрағатқа тапсыруды жүзеге асырады.

11 Ленин ауылдық округі әкімі аппаратының архивінде сақталатын құжаттарды есепке алуды жүзеге асыру, олардың сақталуын қамтамасыз ету.

12. Ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық қатынастарды қамтамасыз ету, мемлекеттік рәміздерді қолдану, азаматтық қоғам институттарын дамыту, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша шаралар кешенін іске асыруды жүзеге асыру, жұртшылықпен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен байланысты қолдау.

13. Ауылдық округ әкімі аппаратының регламенттің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

14. Қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастырады.

15. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың, ауылдық округ әкімі жанындағы арнайы жәрдемақылар тағайындау жөніндегі комиссияның отырыстарын өткізуді, комиссия отырыстарының хаттамаларын ресімдеуді қамтамасыз етеді.

16. Ауылдық округ әкімі аппаратының кітапхана қорын есепке алу, жинақтау, мерзімді түгендеу жұмыстарын жүргізеді.

17. Негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізеді.

18. Істер номенклатурасын әзірлеу және сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

19.    Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты ауылдық округ әкімінің тапсырмаларын орындайды.

20.    Ішкі тәртіп ережелерін сақтайды.

 

 

 

 

 

Функционалдық жауапкершіліктер
Дата публикации
12 февраля 2025