Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына 4-қосымша

"Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 26.04.2023 № 266 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

"Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Бала тууды тіркеу;
2. Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.

1

Қызмет берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

 

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)

1) Мемлекеттік корпорация арқылы:
Бала тууды тіркеу;
Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері:
Баланың тууын тіркеу;
Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
3) портал арқылы:
Бала тууды тіркеу;
Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы:
Бала тууды тіркеу.

 

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
тууды тіркеу үшін-2 (екі) жұмыс күні;
әке болуды анықтау немесе ұл (қыз) асырап алу кезінде өзгерістер, толықтырулар енгізу - 1 (бір) жұмыс күні;
азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 (бес) жұмыс күні;
АХАЖ АЖ-де акт жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды);
портал арқылы берген кезде - өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі;
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

 

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған):
Бала тууды тіркеу;
Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
Қағаз түрінде:
Бала тууды тіркеу;
Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
проактивті:
Бала тууды тіркеу.
"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін:
Бала тууды тіркеу.

 

5

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі

1) туу туралы куәлік, өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілген туу туралы қайталама куәлік;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, электронды түрде, цифрлық құжаттар сервисінде қалыптастырылған цифрлық құжат.

 

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтері үшін ақы төлеу құны Кодекстің 182- бабының 1-тармағына сәйкес алынады;
2. Кодекстің 182-бабының 2-тармағына сәйкес азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсеткені үшін ақы төлеуден растайтын құжаттар ұсынылған кезде босатылады:
1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегені және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамаларды бергені үшін – растайтын құжаттарды көрсеткен кезде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар);
2) туу туралы қайталама куәліктерді бергені үшін – мемлекеттік ұйымдар;
3) баланың тууын мемлекеттік тіркегені және туу туралы куәлікті бергені үшін – жеке тұлғалар;
4) қайтыс болуды мемлекеттік тіркегені және қайтыс болу туралы куәліктерді, қайталама куәліктерді, анықтамаларды және хабарламаларды бергені үшін – жеке тұлғалар;
5) азаматтық хал актілерінің күшін жойғаны үшін – жеке тұлғалар;
6) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетілген кезде оларға куәліктерді бергені үшін – жеке тұлғалар;
7) әке болуды анықтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуына байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізгені және бала асырап алу мен әке болуды анықтауға байланысты туу туралы қайталама куәліктерді бергені үшін – жеке тұлғалар.

 

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Тууды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша туу туралы өтініш;
2) ата-анасының немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің жеке басты куәландыратын құжаты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (акт Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген кезде және АХАЖ АЖ мәліметтер болмаған жағдайда);
4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
Шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша:
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады;
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлға тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін ұсынады;
- Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжаты және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды түрде куәландырған аудармасын ұсынады.
Шетелдіктің, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарының мәтіні аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.
Бір жасқа толған және одан да асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке қосымша туу туралы медициналық куәлік (ол электрондық түрде болмаған жағдайда) қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
3) ата-анасының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, орыс немесе мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасы бар неке (ерлі-зайыптылықты) қию немесе бұзу туралы куәліктердің сканерленген көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін (әке (ана) болуды анықтау, бала асырап алу кезінде өзгерістер, толықтырулар енгізуді қоспағанда) қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) туу туралы куәлік, жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы көрсету және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, нотариалды куәландырылған орыс немесе мемлекеттік тілге аудармасы бар, туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;
5) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (ҚР аумағында тіркелген азаматтық хал актілері туралы мәліметтер, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы, заңды фактіні және т. б. анықтау туралы сот шешімі жөнінде мәліметтер);
6) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат (оны төлеу қажет болған жағдайда);
7) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 8, 9, 10, 12, 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әке (ана) болуды анықтау туралы, өзін баланың әкесі деп танитын адамның өтініші бойынша әке (ана) болуды анықтау туралы, сот шешімі бойынша әке (ана) болуды анықтау туралы, бала асырап алу туралы, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш (бала асырап алу туралы););
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) туу туралы куәлік, жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы көрсету және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
4) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (бала асырап алу, әке болуды анықтау туралы сот шешімі туралы мәліметтер; бала асырап алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімі туралы мәліметтер; әке болуды анықтау кезінде әкесінің өтінішінде көрсетілген негіздемеге байланысты анасының болмау мән-жайын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының аумағында); анасын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру не шектеу туралы сот шешімі туралы мәліметтер; анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы, заңды фактіні және т. б. анықтау туралы сот шешімі жөнінде мәліметтер);
5) туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, орыс немесе мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасы бар азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;
6) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжат (оны төлеу қажет болған жағдайда);
7) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Бала туғанға дейін әке болуды анықтау туралы өтініш берілген жағдайда-медициналық ұйым немесе жеке практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын медициналық анықтама.
Егер әке болуды анықтау тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілсе, баланың туу туралы куәлігі талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе үялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;
2) ҚР-да тіркелген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (бала асырап алу, әке болуды анықтау туралы сот шешімі туралы мәліметтер; бала асырап алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімі туралы мәліметтер; әке болуды анықтау кезінде әкесінің өтінішінде көрсетілген негіздемеге байланысты анасының болмау мән-жайын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының аумағында); әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру не шектеу туралы сот шешімі туралы мәліметтер; анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы заңды фактіні және т. б. анықтау туралы сот шешімі жөнінде мәліметтер);
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, нотариалды куәландырылған орыс немесе мемлекеттік тілге аудармасы бар, туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің сканерленген көшірмелері;
5) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
6) туу туралы куәлік (көрсетілетін қызметті алушыға туу туралы жаңа куәлікті алған кезде ұсынылады), жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсету қажет.

 

9

Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

 

10

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұралатын тұлғаның, сондай-ақ порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен келіскен жағдайда үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
Мемлекеттік қызмет – тууды тіркеу бөлігінде проактивті түрде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша тууды мемлекеттік тіркеу "Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау", "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" және "Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау" мемлекеттік қызметтерімен жиынтықта "бір өтініш" қағидасы бойынша көрсетіледі.".
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

Жүктеу

 

 

 

Азаматтық хал актілерін

 

Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
Дата публикации
01 декабря 2023