Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастырҚағидаларына 22-қосымша

"Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 26.04.2023 № 266 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз); 28.02.2024 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

"Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Мүдделі тұлғалардың өтініші негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
2. Сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру.

 

1

Қызмет берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)

1) мемлекеттік қызметті көрсетуші арқылы:
Мүдделі тұлғалардың өтініші негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
Сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру.
2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері:
Мүдделі тұлғалардың өтініші негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
Сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру.
3) Мемлекеттік корпорация арқылы:
Мүдделі тұлғалардың өтініші негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
Сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру.
4) портал арқылы:
Мүдделі тұлғалардың өтініші негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
Сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Өтінішті қарау мерзімі - 3 (үш) жұмыс күні;
азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру үшін негіз болып табылатын АХАЖ АЖ-да акт жазбалары болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабарлай отырып, көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды);
портал арқылы берген кезде - өтініштің қабылданғанын растау және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің берілген күнін белгілеу туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі;
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған):
Мүдделі тұлғалардың өтініші негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
Сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру.
Қағаз түрінде:
Мүдделі тұлғалардың өтініші негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
Сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру.

5

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі

1) Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе анықтама;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, электронды түрде, цифрлық құжаттар сервисінде қалыптастырылған цифрлық құжат.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтері үшін ақы төлеу құны Кодекстің 182- бабының 1-тармағына сәйкес алынады;
2. Кодекстің 182-бабының 2-тармағына сәйкес азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсеткені үшін ақы төлеуден растайтын құжаттар ұсынылған кезде мыналар босатылады:
1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегені және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамаларды бергені үшін – растайтын құжаттарды көрсеткен кезде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар);
2) туу туралы қайталама куәліктерді бергені үшін – мемлекеттік ұйымдар;
3) баланың тууын мемлекеттік тіркегені және туу туралы куәлікті бергені үшін – жеке тұлғалар;
4) қайтыс болуды мемлекеттік тіркегені және қайтыс болу туралы куәліктерді, қайталама куәліктерді, анықтамаларды және хабарламаларды бергені үшін – жеке тұлғалар;
5) азаматтық хал актілерінің күшін жойғаны үшін – жеке тұлғалар;
6) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетілген кезде оларға куәліктерді бергені үшін – жеке тұлғалар;
7) әке болуды анықтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуына байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізгені және бала асырап алу мен әке болуды анықтауға байланысты туу туралы қайталама куәліктерді бергені үшін – жеке тұлғалар.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қағидаларға 23, 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш);
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) көрсетілетін қызметті алушының деректері және оның жақын туыстары (ата-аналары, балалары, аға-інілері мен апа-қарындастары) туралы толық көрсетілген өмірбаян;
4) еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын ҚР Еңбек кодексіне сәйкес басқа құжат, егер көрсетілетін қызметті алушы студент болып табылса - туған күні мен жері көрсетілген оқу орнынан анықтама (бар болса);
5) егер көрсетілетін қызметті алушы әскери міндетті болып табылса, әскери билеттің көшірмесі (бар болса);
6) көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см көлеміндегі екі фотосуреті;
7) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтері үшін төлемді растайтын құжат немесе Кодекстің 182-бабының 2-тармағына сәйкес төлемнен босату үшін негіз болып табылатын құжат (оны төлеу қажет болған жағдайда);
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүргізілген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері қосымша ұсынылады:
8) егер некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;
9) бар болған жағдайда балалардың туу туралы куәліктері;
10) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) не ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік, ата-анасының неке қию туралы куәлік (бар болса);
11) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
12) егер көрсетілетін қызметті алушы зейнеткер болса, зейнетақы куәлігінің көшірмесі.
Заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы:
1) осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот шешімі негізінде акт жазбасын қалпына келтіру туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) мемлекеттік тіркеу орны мен уақыты көрсетілген, заңды күшіне енген акт жазбасын қалпына келтіру туралы сот шешімі туралы мәліметтер.
Тарихи отанына оралған тұлғалар Қазақстан Республикасына заңды келу туралы ішкі істер органдары берген құжаттарды және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын беру туралы өтінішхатын қосымша ұсынады.
Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру үшін көрсетілетін қызметті алушы азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру үшін қажетті мәліметтерді растайтын құжаттарды (жұмыс не оқу орнынан анықтама, білімі туралы құжаттар, мемлекеттік мұрағаттардың анықтамалары) ұсынады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

10

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұралатын тұлғаның, сондай-ақ порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен келіскен жағдайда үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

Жүктеу

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру
Дата публикации
01 декабря 2023