Мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі: бірінші кезең: 12 (он екі) жұмыс күні ішінде; екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жер учаскесіне құқық алуға өтініші;
2) Сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары).
3) Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуы. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы түсіндіруді 8714-42-96-6-35 телефон нөмірі бойынша алуға болады.