ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іске асырылу барысы туралы мәселе қаралды. Салалық министрліктер басшылары баяндама жасады.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында 2024 жылы қатысушылардың жалпы саны 6,2 млн адамды құраған, 1,1 млн тонна қалдық жиналып, 1,6 млн ағаш отырғызылды. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мемлекет басшысының 2027 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға арналған жоспар бойынша 494 мың гектар алқапқа 336,5 млн көшет отырғызылғанын баяндады. Сонымен қатар 2021–2024 жылдары 1,1 млрд астам ағаш егілген.
Экология және табиғи ресурстар министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, қоршаған ортаға эмиссияларды бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізуді жедел аяқтау тапсырылды.
#Үкімет #KZ