«ПОГЗ қызметшілерімен абаттандыру саласындағы түсіндіру жұмыстары»
2024 жылғы 04 қыркүйекте Костряков ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.А. Нуркина Курское ауылындағы «Караколь» ПОГЗ қызметшілерімен «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бөлігінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шекара қызметшілерінің назарына бағдарлама шеңберінде үй иелерін, үй маңындағы аумақты, шекара қызметінің әкімшілік ғимаратын абаттандыруды, Курское ауылы мен жалпы ауылдық округті абаттандыру мен көгалдандыруға белсенді қатысуды, жеке үй иелерінің маңында тұрмыстық қатты қалдықтарды үйінділерін белгіленген талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ету қажет екендігі туралы ақпарат жеткізілді.