«Жасыл Ел» абаттандыру және санитарлық тазалауды ұйымдастыру.
«Жасыл Ел» — бұл мектеп оқушылырын, студенттік және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға арналған ұйым. Осы ұйымның қызметі барысында жастар округті абаттандыруға және көгалдандыруға қатысады, осылайша аумақтың экологиясы мен жалпы көрінісін жақсартады. «Жасыл Ел» қатысушысы болып уақытша немесе маусымдық жұмыс тапқысы келетін 14 жастан 29 жасқа дейінгі кез келген Қазақстан азаматы бола алады. Биыл шілде айында құрылған «Жасыл Ел» жасағы өзінің еңбекқорлығын, жауапкершілігін, бастамашылығын және командадағы жұмысын басынан бастап көрсетіп келеді. Жұмыстың мәні округті абаттандыру, атап айтқанда жалпы пайдалану орындары аумақтарын жинау, шөп шабу, қураған бұтақтарды кесу, қоқыстарды жинау және шығару, көгалдандыру және басқа да жұмыс түрлері болып табылады. Бұл қызметтің мақсаты - округ аумағындағы тазалық пен санитарлық жағдай мәселелеріне жұртшылықты тарту, сонымен қатар жасөспірімдер мен жастарға жаңа нәрсені үйренуге, тіпті одан ақша табуға көмектеседі. «Жасыл Ел» жастар жасақтарын құру және жасақтардың қызметін дамыту елді абаттандыру мен көгалдандыруға ғана емес, сондай-ақ болашақ өркендеуге де жауапты Қазақстан Республикасының жас азаматтарының жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған.