2024 жылғы 15-22 тамыз аралығында округті абаттандыру және санитарлық тазалауды ұйымдастыру
Округ аумағында абаттандыруды ұйымдастыру қызметі барысында 15-22 тамыз аралығында мынадай жұмыстар жүргізілді: жалпы пайдалану орындарын тазалау, шөп шабу, қураған бұтақтарды кесу, қоқыстарды жинау және шығару, аркаларды сырлау, ескі қоршауларды бұзу және жаңасын орнату. Бұл қызметтің мақсаты - округтің ауылдарын санитарлық тазалау, оларды көгалдандыру, өркендету және абаттандыру, сонымен қатар аймақтың эстетикалық көрінісіне келтірудің негізгі бағыты.