Әлеуметтік инфрақұрылым саласындағы жаңалықтар.
2024 жылдың маусым айында Костряков ауылындағы жалпы білім беретін мектепті күрделі жөндеу жұмыстары жалғастырылды, мектепті жөндеу бойынша екі жылдық жобаның мердігері болып ГрадСтройСервис» ЖШС анықталды. Бірінші кезең шеңберінде 2023 жылы терезелер ауыстырылып, екінші қабат толығымен жөнделді. Биылғы жылы жөндеудің екінші кезеңі шартқа сәйкес 2024 жылдың 25 тамызына дейін аяқталуы тиіс. Жөндеу аясында бөлшектеу және әрлеу жұмыстары, шатырды, терезелерді, есіктерді, еден төсенішін, жылыту жүйесін, кәрізді, электр сымдарын, өрт дабылын ауыстыру, жергілікті желілерді жөндеу жұмыстары жүргізілді.