Ауылды абаттандыру! 12.07.2024 ж
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында қоғамдық қызметкерлер, «Жасыл Ел» жастар жасағы Костряков ауылдық округінің тұрғындарымен бірлесіп, арам шөптерді ору, қураған ағаштарды кесу, ауыл аумағындағы көшелерді жинау, жеке сектордағы аула аумақтарынан шөп шабу және қоқыс шығару жұмыстарын жүзеге асыруда.