Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының ХАТТАМАСЫ

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін келісу туралы.    

          СӨЗ СӨЙЛЕДІ: Костряков ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нуркина Асель Абдыбековна:

     ҚР Жер кодексінің 43-1-бабының 2-тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы осындай жер учаскелерін беруге бұрын келіп түскен өтінімдерді ескере отырып қалыптастырады және бұл қоғамдық кеңестермен не жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келісіледі. 

    Келісуші органдар мен ұйымдар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі олардың орналасу схемасымен бірге келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде өз ұстанымының уәжді негіздемесі бар қорытынды береді. 

    Тізбеге енгізілген жер учаскелері шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа жерге орналастыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін шығарылады, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу мерзімі көрсетілген тізбе бекітілген күнінен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. 

    Осыған байланысты, Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесін келісуді ұсынамын.

    Костряков ауылдық округінің аумағында 2 жер учаскесі орналасқан, 1 - ауданы 142,44 гектар және 2 – 103,0 гектар.

         Қатысуды және дауыс беруді сұраймын:

         Дауыс берілді: «Қолдады» – 24, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.

Дата публикации
16 января 2026