«Ауылдық округ әкімдерінің қызметінде
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және
ескерту бойынша жұмыс»
Халықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру
мақсатында «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық күреске
бағытталған жүйелі түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Бұл
бағыт аппарат қызметіндегі басым және іргелі бағыттардың бірі болып
табылады.
Жұмыс халықпен есептік кездесулерді, азаматтар жиындарын,
семинарларды, жергілікті қоғамдастық жиналыстарын және дөңгелек
үстелдерді ұйымдастыру және өткізу арқылы жүзеге асырылады. Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тақырыптағы материалдар әлеуметтік желілерде және әкім
аппаратының ресми сайтында үнемі жарияланады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа
қарсы заңнаманың нормаларын түсіндіруге ерекше назар аударылады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері планерлерде, жиналыстарда,
«Құқықтық білім мектебі» шеңберінде, сондай-ақ халықпен тоқсандық есептік
кездесулер барысында көтеріледі. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол
бермеу-мемлекеттік органдардың жұмысындағы негізгі қағидат екендігі атап
өтіледі.
Тұрақты режимде халыққа «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мәнін,
сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда азаматтардың
іс-қимыл тәртібін түсіндіру жүргізіледі. Аппарат қызметкерлері жүйелі түрде
оқытудан өтеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзекті
материалдарды зерделейді, өз қызметіндегі тәуекелдерді талдайды. Мұндай
жұмыс мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
тәртіп пен мәдениетті қалыптастырады.
Маңызды бағыттардың бірі мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік
қызметтер көрсету рәсімдерін жетілдіру болып табылады. Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігі көбінесе әркімнің жеке
жауапкершілігіне және жалпы қоғамның белсенді қатысуына байланысты.
Әкімдік ғимаратында аудандық және облыстық деңгейдегі жадынамалар,
брошюралар, сенім телефондары, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің
әдеп кодексі орналастырылған. Округ аумағында ақпараттық материалдар
түрлі-түсті және ақ-қара форматта таратылады. Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштері үшін жәшік орнатылды.
Бекітілген жоспарға сәйкес әкім мен мекеме басшылары мемлекеттік
тәртіпті сақтағаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру
жөніндегі жұмыс туралы кеңестер мен жиындарда есеп береді. Бюджет
қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау мәселелеріне ерекше назар
аударылады. Ай сайын 1-і күні қаржы бөліміне төлемдер, қаражатты игеру, шарттар
бойынша міндеттемелерді орындау туралы есеп беріледі. Айдың қорытындысы
бойынша бюджеттің орындалуы талданады және қаражаттың игерілмеу
себептері анықталады. Азаматтар мен ұйымдардың барлық өтініштері келіп түскен күні «Е-Өтініш» жүйесінде тіркеледі және заңда белгіленген мерзімде қаралады. Әкім азаматтарды жеке қабылдауды стендте және сайтта орналастырылған бекітілген кестеге сәйкес қатаң белгіленген күндері жүзеге асырады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бекітілген стандарттарға сәйкес
уақтылы ұсынылады. Қызметтерді алу ережелері туралы ақпарат стендтерде
және әкімдіктің ресми сайтында қолжетімді және уақтылы жаңартылып
отырады.
Жартыжылдықта бір рет сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға
ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
жасалады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері
бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген
әдістемелік ұсынымдарға сәйкес талдамалық анықтама қалыптастырылады.
Құжатта ұйымдық, қаржылық, цифрлық салалардағы тәуекелдер
қарастырылады, сондай-ақ процестерді оңтайландыру бойынша ұсыныстар
беріледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жастар арасында да жүргізілуде.
«Костряков НМ» КММ педагогтар оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастыру үшін тақырыптық іс-шаралар, ашық сабақтар,
конкурстар, дәрістер өткізеді. Білім беру саласының қызметкерлері арасында
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу шаралары үнемі
талқыланады.
Барлық іс-шараларда сыбайлас жемқорлықтың қоғамның тұрақты
дамуына, ұжымдағы және тұтастай мемлекеттегі салауатты ахуалға елеулі
тосқауыл ретіндегі зиянды салдарына баса назар аударылады.