Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің
2026 – 2028 жылдарға арналған
нақтыланған азаматтық бюджеті
Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті Костряков ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері мен бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты құрайды. Осы құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады. Ауылдық округ бюджеті - ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры. Бюджеттік процесс-Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет. Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған.