Костряков ауылдық округі әкімі аппаратының штаты толық жасақталған. Теріс себептер бойынша жұмыстан босату, талдау кезеңінде қызметкерлердің лауазымын төмендету фактілері тіркелмеген. Ауылдық округ әкімі аппаратының штат саны 5 бірлікті құрайды (ауылдық округ әкімі, E-R-1 санаты; бас маман - 4 бірлік, E-G-3 санаты).
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.
Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне демалыс беру бекітілген кестеге сәйкес және қатаң түрде Мемлекеттік қызмет туралы Заңға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Қызметкерлерге сыйлықақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Талдау кезеңінде қызметшілерге сыйлықақы берілмеді. 2025 жылдың 4-тоқсанында мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері жоқ; ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері тіркелмеген.