Қостанай облысы Федоров ауданы
Костряков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Костряков ауылы № 1 2025 жылғы 05 қаңтар
Төрағалық етті: С. Гончарук - Костряков ауылдық округінің әкімі;
Қатысқандар:
Нуркина Асель Абдыбековна - әкім аппаратының бас маманы
Жмайло Наталья Анатольевна - әкім аппаратының бас маманы
Гурименко Ольга Анатольевна - бухгалтерлік есеп жөніндегі әдіскер
Ковальчук Светлана Михайловна -әкім аппаратының жетекші маманы
Жергілікті қоғамдастық өкілдері 11 адам.
Костряков ауылының тұрғындары - 7 адам
ТЫҢДАЛДЫ:
Сөз сөйледі:
С.Т. Мендекинова - Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің ауылдық кітапханасының меңгерушісі
Ашық дауыс беру арқылы Костряков ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нуркина Асель Абдыбековнаны жергілікті қоғамдастық отырысының төрағасы етіп сайлауды ұсынамын.
Дауыс берілді: «Қолдады» – 18, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.
А.А. Нуркина - Костряков ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
Жиналыс хаттамасын ресімдеу үшін бүгінгі отырыстың хатшысын таңдау қажет. Ашық дауыс беру арқылы Костряков ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Ковальчук Светлана Михайловнаны жиналыстың хатшысы етіп сайлауды ұсынамын.
Дауыс берілді: «Қолдады» – 18, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Дауыс берілді: «Қолдады» – 18, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.
КҮН ТӘРТІБІ:
СӨЗ СӨЙЛЕДІ: Гончарук Светлана Александровна - Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің әкімі
2024 жылға арналған қаржыландыру жоспары 146 861 300 теңгені (шығыстар) құрады.
2024 жылға арналған қаржыландыру жоспары 146 416 200 теңгені (шығыстар) құрады.
2024 жылғы салық түсімдері 9641600 теңгені құрайды, оның ішінде: жеке табыс салығы - 3465,8 мың теңге, мүлік және жер салығы - 528,5 мың теңге, бірыңғай жер салығы - 900,0 мың теңге, жеке тұлғалардан алынатын көлік салығы - 3112,0 мың теңге, заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы - 1247,3 мың теңге, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем - 388,2 мың теңге. Салықтық емес түсімдер -152,6 мың теңге.
Бюджеттің шығыс бөлігі бағдарламалар бөлінісінде 100% пайызды құрады:
124001 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер - 27453,9 мың теңге;
124008 Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру - 6508,9 мың теңге;
124011 Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру 19239,9 мың теңге;
124013 Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету - 255,9 мың теңге;
124045 Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу - 93346,0 мың теңге; (Костряков ауылындағы Целинная көшесін орташа жөндеу)
124048 Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару-0,1 мың теңге.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жергілікті қоғамдастық
жиналысының төрайымы А. Нуркина
Жергілікті қоғамдастық
жиналысының хатшысы С. Ковальчук