«Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы                         18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бекіткен 2022 жылғы                              30 желтоқсандағы № 488 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2023 жылғы 2-жартыжылдық және 2023 жылғы 1-жартыжылдық кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі (бұдан әрі – Талдау) «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметін талдау болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы          19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес және Костряков ауылдық округі әкімнің 2024 жылғы 03 мамырдағы № 21-ө өкімі негізінде жүргізілді.

«Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2024 жылғы       02 мамырдан 31 мамырға дейін.

Құрамында жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді:

  1. А.А. Нуркина - Костряков ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
  2. Н.А. Жмайло - Костряков ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
  3. С.М. Ковальчук – Костряков ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
  4. А.С. Карпинский – Костряков ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманының м.а.;
  5. О.А. Гурименко – Костряков ауылдық округі әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп жөніндегі әдіскері
  6. Елена Александровна Запорожану - Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  7. Талдау жүргізудің мақсаттары мен міндеттері:

Мақсаты – «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл, оларды жою және болдырмау.

Міндеттері - «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою.

  1. Талдау барысында пайдаланылған ақпарат көздері:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ақпарат көзі:

1) талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар;

2) талдау объектісінің қызметі туралы статистикалық есептілік;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған талдау объектісінің қызметі туралы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері;

4) талдау объектісіне қатысты бұрын мемлекеттік органдар жүргізген тексерулердің нәтижелері;

5) ішкі бақылау қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;

7) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар;

8) талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

9) талдау объектісінің лауазымды тұлғаларын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық пен заңның басқа да бұзушылықтарын жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсынғаны үшін жауапқа тарту туралы мәліметтер;

10) талдау объектісі қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты сот органдарының шешімдері, қылмыстық істер фабуласы;

11) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері;

12) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген ішкі талдау нәтижелері;

13) талдау объектісінің қызметшілері, қызметкерлерінің сауалнама нәтижелері;

14) ұсынуға Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де мәліметтер.

 

  1. Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1.1. Негізгі функцияларды іске асыру

Нормативтік база:

«Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Федоров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 305 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мекеме туралы ереженің негізінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен жүзеге асырады. Ережеде айқындалған мемлекеттік мекеменің функциялары нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келеді.

Нормативтік - құқықтық актілердің тізбесі, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің еңбек қызметіндегі басшылық: «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», «ҚР Жер кодексі», «Әдеп кодексі», «Еңбек кодексі», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Салық кодексі», «Бюджет кодексі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заң, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу қағидалары», «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары».

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Дата публикации
19 августа 2024