Қостанай облысы Федоров ауданы
Костряков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Костряков ауылы № 2 2024 жылғы 01 ақпан
17 сағат 00 минут
Қатысқандар:
Гончарук Светлана Александровна - Костряков ауылдық округінің әкімі;
Нуркина Асель Абдыбековна - әкім аппаратының бас маманы
Жмайло Наталья Анатольевна - әкім аппаратының бас маманы
Гурименко Ольга Анатольевна - бухгалтерлік есеп әдіскері
Ковальчук Светлана Михайловна - әкім аппаратының жетекші маманы
Турсунов Сабит Муратович - учаскелік полиция инспекторы
Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрайымы - Минигареева Валентина Александровна;
Жергілікті қоғамдастық өкілдері 9 адам.
Костряков ауылының тұрғындары 7 адам
КҮН ТӘРТІБІ:
Күн тәртібі ашық дауыс беру арқылы бекітіледі.
Дауыс берілді: «Қолдады» – 16, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.
СӨЗ СӨЙЛЕДІ: Костряков ауылдық округінің әкімі Гончарук Светлана Александровна
2024 жылға арналған Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің бюджеті бөлігіндегі өзгерістерді ескере отырып, бос қалдықты келісу үшін ұсынамын:
Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің бюджетін нақтылау келісілсін және бюджет қаражатының бос қалдығы 2024 жылғы 1 қаңтарға кіріс бөлігінде мынадай кіріс кодтары бойынша бөлінсін:
Бағдарламалар бөлінісінде бос қалдықтың жалпы сомасы 2280,5:
124008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру»- электр энергиясын төлеу үшін 845,5 мың теңге;
124013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» - жол белгілерін орнату үшін 156,0 мың теңге.
124045 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу»- Целинная көшесінің жолын орташа жөндеу бойынша жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу үшін 1276,0 мың теңге.
Дауыс берілді: «Қолдады» – 16, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Федоров ауданы Костряков ауылдық округі бюджетінің кіріс және шығыс бөлігіне өзгерістер енгізу келісілсін.
Дауыс берілді: «Қолдады» – 16, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалды» – 0. Бірауыздан қабылданды.
Жергілікті қоғамдастық
жиналысының төрайымы В.А. Минигареева
Жергілікті қоғамдастық
жиналысының хатшысы С.М. Ковальчук