Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің
2024 – 2026 жылдарға арналған
нақтыланған азаматтық бюджеті
Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті Костряков ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері мен бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты құрайды.
Осы құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.
Ауылдық округ бюджеті - ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс-Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.
Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған.