"Округті абаттандыру және санитарлық тазарту саласындағы түсіндіру жұмыстары"

Округті абаттандыру және санитарлық тазарту саласындағы түсіндіру жұмыстары.

2024 жылғы 03 шілдеде Костряков ауылдық округінің әкімі С.А. Гончарук «Гранд» ЖШС еңбек ұжымымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Күн тәртібінде:

1) Костряков ауылдық округінің елді мекендерінің аумағын абаттандыру және көгалдандыру. Елді мекендер мен іргелес аумақтарды санитарлық тазалауды, абаттандыруды және көгалдандыруды уақтылы және сапалы жүргізуді қамтамасыз ету;

2) Жеке және мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдары, Костряков ауылының тұрғындары апта сайын бірыңғай экологиялық және санитарлық күндер өткізсін, жеке мекемелердің аумақтарын ретке келтірсін, аулаларды жинасын;

3) Тұрмыстық қатты қалдықтарды төгетін жерді санитарлық талаптарына сәйкес келтірсін;

4). Көктемгі-күзгі кезеңде жасыл желектерді отырғызуды ұйымдастырсын, оларға тиісті күтім жасасын;

Санитарлық ережелер мен нормалардың талаптары орындалмаған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымды адамдар мен азаматтарға әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылатын болады. Азаматтардың назарына «абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін» ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігі жеткізілді, ескерту жасауға немесе жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға 20 АЕК /73 840 теңге/ мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30 АЕК; орта кәсіпкерлік субъектілеріне –            40 АЕК; және ірі кәсіпорындарға 100 АЕК дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 июля 2024