Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің 2023 – 2025 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің

2023 – 2025 жылдарға арналған

Азаматтық бюджеті

Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті Костряков ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері мен бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты құрайды.

         Осы құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімі, «Әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері» және «Ауылдық округ бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.

         Ауылдық округ бюджеті -  ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджеттік процесс-Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.

          Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған.

 

 

 

 

 

 

Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің 2023 – 2025 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
Дата публикации
23 января 2024