Бас маманның функционалдық міндеттері:
3.1. Бекітілген істер номенклатурасына сәйкес құжаттаманың дұрыс қалыптасуын, ресімделуін және сақталуын қамтамасыз етеді.
3.2.Ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлейді, олардың уақтылы орындалуын жүзеге асырады және қажет болған жағдайда заңнамада белгіленген мерзімде әділет органдарында тіркейді.
3.3.Жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары мен жиындар ұйымдастыруды және дайындауды қамтамасыз ету, тұрғындармен өткізілетін жиналыстар мен жиындарын хаттамалайды.
3.4.Аудандық округ әкімі жанындағы комиссия отырыстарының, әкімнің жанындағы отырыстардың, ауылдық округ тұрғындарымен кездесулердің хаттамаларын рәсімдейді.
3.5.Іс номенклатурасының сақталуын және мониторингін жасайды.
3.6. Ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің регламенттің, қызметтік әдеп қағидаларының (Әдеп кодексінің) сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
3.7.Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеуді және бекітуді, жаңартпалар енгізілген жағдайда оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді, іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлеуді жүзеге асырады.
3.8.Мемлекеттік мекеме туралы ережеге нормативтік құқықтық актілер негізінде өзгерістер енгізу бөлігінде жұмыстар жүргізу, әділет органдарында тіркеу, әкім аппаратының ережелеріне өзгерістер енгізеді.
3.9. Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарына сәйкес персоналды басқару жұмысын жүзеге асырады.
3.10.Мемлекеттік мекеменің «Е-Қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің жұмысына жауап береді (жеке әкімшілік сипаттағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қабылдау, жұмыстан шығару, іссапар және демалыс туралы мәліметтер енгізу).
3.11. Мемлекеттік мекеменің «Е-лицензиялау» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуіне жауапты болады, жүйеге деректерді уақтылы енгізеді, Мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған өтініштердің есебін жүргізу бойынша есептілікті жүзеге асырады, заңда белгіленген мерзімде өтініштерді қарайды, шешім ұсынады.
3.12.Құқықтық білім беру жүйесінде жұмысты ұйымдастыру, ҚБМ қатысушыларын заңнамадағы өзгерістермен таныстыру.
3.13. Ауылдық округ әкімі аппараты қызметшілерінің бір жылға арналған ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарын жасау бойынша ұсыныстарын жүйелейді. Бір жылға, тоқсанға, айға жұмыс жоспарларын жасайды.
3.14.Қатаң есептілік бланкілерін қолдануды бақылау. Мөрлер мен мөртабандардың сақталуына жауап беру, баспа-бланкі өнімдерінің бүлінген және пайдаланылмаған көшірмелерін жою туралы актілерді әзірлейді.
3.15.Әр түрлі анықтамалар, сипаттамалар, бұйрықтар мен шешімдерден үзінділер береді.
3.16.Жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне белгіленген стандарттар мен қағидаларға сәйкес «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату» түрдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді уақтылы көрсетеді.
3.17. Көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету тәртібі туралы толық және дұрыс ақпаратты қолжетімді нысанда ұсынады.
3.18.Нотариаттық іс-әрекеттер жасауды жүзеге асырады, азаматтық хал актілерін тіркеуге құжаттарды қабылдауды жүргізеді.
3.19.Сайлау мен референдумдарды дайындау және өткізу мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді.
3.20.Қоғамдық жұмыстарға жұмыссыз азаматтарды іріктеу және есепке алады. Қоғамдық жұмыстарда қосалқы жұмысшылардың еңбек міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады, жұмыс уақытының табелін толтырады, орындалған жұмыстардың актілерін және мәліметтерді дайындайды.
3.21.Ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық қатынастарды қамтамасыз ету, азаматтық қоғам институттарын дамыту, ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша шаралар кешенін әзірлеуге және іске асыруға қатысады.
3.22.Ішкі саясат бағыттары бойынша ақпараттық мәліметтер базасын (электрондық, мәтіндік) қалыптастыру, жинақтау бойынша жұмыс жүргізу, ішкі саясат мәселелері бойынша аудан әкімдігінің интернет-ресурсын толықтыру және өзектілендіруді қамтамасыз етеді.