«Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есеп
Ұсынылады: «Қостанай облысы Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ.
Жиілігі: 2023 жылғы 01 қаңтардан 10 желтоқсанға дейін.
Есепті кезең: 2023 жыл.
Ақпарат беретін тұлғалар тобы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарын, ведомстволық бағынысты ұйымдарды ескере отырып, сондай-ақ қызметін үйлестіруді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы деректер:
2023 жылғы 01 қаңтар мен 10 желтоқсан аралығындағы кезеңде 27 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Тікелей мемлекеттік органдарда 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді (0%). Мемлекеттік корпорация арқылы 0 қызмет көрсетілді (0 %). Электрондық түрде Электрондық үкімет порталы арқылы 27 мемлекеттік қызмет көрсетілді (100 %). Оның ішінде заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштері бойынша - 25 өтініш, жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 2 өтініш.
Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді танымал ету тақырыбында округ тұрғындарымен 12 жиын өткізілді.
Есепті кезеңде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.