Жергілікті өзін-өзі басқарудың 2023 жылғы қызметі туралы есеп

Жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы, оның органдары құрылады және жұмыс істейді, Костряков ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының құрамына 54 адам кіреді. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Костряков ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдарға) бөлінеді. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Костряков ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын шақырудың уақыты, орны және талқыланатын мәселелері туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты оны өткізген күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етеді. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың 2023 жылғы қызметі туралы есеп
Дата публикации
12 декабря 2023