«Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Костряков а. 2023 жылғы «20» маусым
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бекіткен 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022 жылғы 2-жартыжылдық және 2023 жылғы 04 қаңтар мен 01 маусым аралығындағы кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі (бұдан әрі – Талдау) «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметін талдау болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес және Костряков ауылдық округі әкімнің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 43-ө өкімі негізінде жүргізілді.
«Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2023 жылғы 26 мамырдан 01 маусымға дейін.
Құрамында жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді:
Мақсаты – «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл, оларды жою және болдырмау.
Міндеттері - «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою.