«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

5-тарау. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 20-қосымшағасәйкес "Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - қайтыс болу туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің) келтірілген.
  2. Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы құжат болған кезде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу автоматты түрде жүргізіледі.

      Келесі жұмыс күні тіркеуші органның қызметкері қайтыс болу туралы акт жазбаларын екі данада басып шығарады.

      Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы құжат болмаған кезде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу мүдделі адамның өтініші бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құжаттар беріле отырып жүргізіледі.

      Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін қайтыс болған адамның жақын туыстары, оның мұрагерлері тобына кіретін басқа да тұлғалар, қайтыс болған тұлғамен бірге тұрған адамдар, көршілері кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға қалауы бойынша жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болу туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, қайтыс болуды тіркеу туралы өтініш береді.

      Жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған жағдайда қайтыс болу туралы өтінішпен тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, қайтыс болған адам ұсталған не адам қайтыс болған ұйым әкімшілігі немесе мәйітті тапқан ішкі істер органы жүгіне алады.

  1. Тұлғалардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу кезінде АХАЖ АЖ-ға келіп түскен мәліметтерге сәйкес қайтыс болу туралы акт жазбасына қайтыс болу туралы медициналық куәлікте, қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінде қамтылған қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті мәліметтер ғана енгізіледі. Қайтыс болу туралы куәлік басылып шығарылмайды.

      Қайтыс болған адамның жақын туыстары, оның мұрагерлерінің шеңберіне кіретін басқа да тұлғалар жүгінген кезде қайтыс болған тұлға туралы жетіспейтін мәліметтер қайтыс болғаны туралы акт жазбасына енгізіледі және қайтыс болғаны туралы куәлік беріледі.

  1. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу жасалғаннан кейін қайтыс болу туралы хабарламаны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға болады.

      Қайтыс болған адамның жақын туыстарына, мұрагерлері аясына кіретін басқа адамдарға не қайтыс болған адам қамқорлығында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдардың өкілдеріне қайтыс болу туралы куәлік беріледі.

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде пайдалану қажет болған жағдайда осы баптың екінші бөлігінде аталған адамдарға олардың өтініші бойынша кез келген тіркеуші орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі қайтыс болу туралы акт жазбасының негізінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы қағаз жеткізгіштегі куәлікті береді.

      Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік іс қарауында жатқан нотариустың хабархаты бойынша беріледі.

      Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болу туралы куәлігі барлық қажетті мәліметтер қайтыс болу туралы акт жазбасына енгізілгеннен кейін ғана беріледі.

      129.Қайтыс болған адамның жақын туыстарының, оның мұрагерлерінің шеңберіне кіретін басқа да адамдардың өтініші бойынша қорытынды жасалмай, қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізіледі.

  1. "Белгілер үшін" бағанында өтініш берушінің туыстық дәрежесін немесе Кодекстің 273-бабындакөрсетілген адамдардың санаты туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.
  2. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің негізінде жүргізілген жағдайда, ол қайтыс болған күні қайтыс болу туралы акт жазбасында сот шешімінің заңды күшіне енген күні немесе сот шешімімен белгіленген күн көрсетіледі.

 

«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Дата публикации
04 декабря 2023